16:27, 13 Шілде 2020
Тоқаев елде карантин екі аптаға созылатынын мәлімдеді. Үкімет мұқтаждарға 42,5 теңге төлемек
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде күні Twitter парақшасында елде карантин тағы екі аптаға созылатынын жазды.
Тоқаевтың сөзінше, үкіметтегі комиссия 14 шілдеде шешім қабылдайды. Бұдан бөлек, билік табыссыз қалғандарға 42500 теңге (шамамен 95 доллар) төлемек.
"Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42,5 мың теңге төлейді" деп жазды президент.
Жаңалық толықтырылады