Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:22, 26 Қаңтар 2022

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

None
None

Ержан Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтынан мәлім болды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген жарлықта. 

Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған. 

Сондай-ақ президент өкімімен Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Тегтер: