11:19, 19 Сәуір 2021
Тоқаев Қазақстанның Еуропалық Одақтағы өкілдігі басшысын тағайындады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуроодақтағы өкілдігі басшысын тағайындады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шартты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.