10:22, 24 Қаңтар 2020
Тоқаев: Шетелдік нөмірі бар көліктерді тіркеуге бір жыл уақыт беріледі
24 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік нөмірі бар көліктердің мәселесін шешу үшін оларды уақытша тіркеуді тапсырды.
— Үкімет 2020 жыл 1 ақпанға дейін Еуразия экономикалық одағы аумағынан әкелінген көліктерді бір айдың ішінде бір рет уақытша тіркеуден өткізуі тиіс. Бұл тіркеу мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды болады, — деді Тоқаев.
(Жаңалық толықтырылады).