Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:13, 19 Тамыз 2020

Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5 бағытын атады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен күрестің 5бағытын атады, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев жемқорлықпен күресте ешқандай көзбояушылыққа,«бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуі тиіс екенінескертті.

Сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймайтұр.

Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшінжауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан.

«Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияныңсалдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сайпайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі. Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрітиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек дегенсөз. Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларғақаражаттың шығындалуына  қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз.Сондықтан, мұндай мәселелерге  болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес,алдын ала мән беру – өте маңызды», — деді Тоқаев.

Тегтер: