Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:29, 22 Сәуір 2019

«Төрешілер бізді айыппұлмен қорқытады»

Қазақстан футболында былықтың көп екені жасырын емес. Өз ойын ашық айтатындар, тығылып әр жерде бір күңкілдеп жүргендер және іштен тынып сабыр сақтаушылар да жетерлік.

Бірақ шыдамның да шегі бар.

Талдықорғанның «Жетісу» командасының басбапкері Дмитрий ОГАЙ бұл жолы үнсіз қала алмады. Қазақстан премьер-лигасының6-турында Қостанайда жергілікті «Тобыл» мен Огай жаттықтыратын «Жетісу» өзаракездескен болатын. Бұл матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

«Жетісу» осы матчта қорғаныста сауаттыойнады. Өздері қарымта шабуылдан бір гол соқты. Онысын матчтың бас төреші БақытҚызылбаев есептемей тастады. Дмитрий Огай осыған күйіп кетті.

Ақтөбелік төрешінің шешімі бойынша, «қонақтар алаңиелерінің қақпашысына қасақана бөгет жасаған». Негізі, Мантас Куклис доптыойынға бұрыштан қосып, оны асқан шеберлікпен қақпаға тікелей түсіріп еді...

«Осындай деңгейіжоғары командамен кездескенде, жүйелі ойын қажет екенін түсінесің. Мен сіздергемынаны айтайын: осымен екінші ойын қатарынан түсініксіз төрешіге тап болыпотырмыз. Бұлай жалғаса берсе, футбол ойнаудың қандай мәнісі қалады? Онда 4команда өзара чемпиондықты сарапқа салып, таласа бересің. Қалғанымыз қарапотырайық. Бәлкім, біреулерге осылай қызық болатын шығар. Алаңдағы төрешініңжұмысы ешқандай сын көтермейді. Егер команда жақсы ойнап тұрса, онда адалойынымен жеңсің. Оған таласымыз жоқ. Басқа сұрақ та туындамайды. Ал қазіртөрешілер бізді айыппұлмен қорқытады. Осыдан кейін бізде футбол қайдан болады?«Тобыл» онсыз да жақсы команда. Матч бойы басымдық көрсетті және төреші оларғажақтасумен болды. Қазақстан чемпионатында мұндай бассыздықты тоқтату керек.Мұның арты жақсылыққа апармайды. Мұндай эмоцияға толы ашу тек мені ғана емес,барлық бапкерлерді кернеп жүргені жасырын емес. Осыны шешу қажет. Өйткені, елфутболында не болып жатқанын бәрі жақсы біледі. Бір команданы құлағынан сүйрептартудың не қажеті бар? «Астана», «Қайрат», «Тобыл», «Ордабасы» өзарачемпиондыққа таласа берсін. Қалғанымыз сырттан бақылағанымыз дұрыс шығар. Бірақмұндай чемпионаттың не қажеті бар? Премьер-лиганың ойындар кестесін қарапшығыңыздар. Бір команда бірінші лигадан келген командамен бастайды, сосынаутсайдерлермен ойнайды. Осы да соқыр жеребе ме? Бұл әрине күлкілі! Біздіақымақ көргісі келетіндер бар. Менің футболда жүргеніме көп жыл болды. Әлі деүндемей жүре берсек, бұл бассыздық жалғаса беретіне сенімдімін. Сондықтаншындықты айтуға тура келді», – дейді Дмитрий Огай.

Бұған дейін «Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы ойында даТалдықорған командасының таза голын төреші санамай қойған. Ал өткен турда«Оқжетпес» клубы «Тобыл» футболшысы екінші голды офсайдтан соқты деп зарилегені бар.

Тегтер: