Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:31

Трамп Иранмен соғысты қысқа мерзімде аяқтауды көздеп отыр — БАҚ

Трамп
Фото: ЖИ/ Жас Алаш

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияны қысқа мерзімде аяқтауға дайын екенін білдірді.

 The Wall Street Journal дерегінше, Ақ үйдегі дереккөздер Трамптың Ормуз бұғазын күшпен ашу үшін қақтығысты ұзартуға ниетті емес екенін айтқан.

Басылым мәліметінше, Трамп пен оның айналасы бұғазды әскери жолмен ашу президент белгілеген уақыт кестесін бұзуы мүмкін деген қорытындыға келген. Алғашқы жоспар бойынша, Вашингтон 4–6 аптаға ғана созылатын белсенді әскери әрекеттерді қарастырған.

АҚШ-тың қазіргі кезеңдегі негізгі мақсаттары:

  • Иранның әскери-теңіз күштерін барынша әлсірету;

  • Иранның зымыран арсеналдарын жою;

  • Осы міндеттер орындалғаннан кейін қақтығыстың белсенді фазасынан шығу.

Сондай-ақ, әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы мәселесін Трамп дипломатиялық арнаға көшіруді жоспарлап отыр. Егер Тегеранмен келіссөздер нәтиже бермесе, АҚШ бұл миссияны Еуропа елдері мен Парсы шығанағындағы одақтастарына жүктеуі мүмкін.

WSJ дереккөздерінің айтуынша, Вашингтон алдымен негізгі әскери мақсаттарға қол жеткізіп, кейін бұғазды ашу мәселесін дипломатиялық жолмен шешуді жөн көріп отыр. Әскери нұсқалар қарастырылғанымен, қазіргі таңда ол нақты емес.

Сарапшылардың пікірінше, бұл стратегия Трамптың Таяу Шығыста «ұзақ соғысқа» ұрынбау ниетімен байланысты. Сонымен қатар, ол қарсыластың әскери инфрақұрылымын әлсіретіп, өзін жеңімпаз ретінде көрсетуге тырысады.

Аймақтағы жағдай әлі де күрделі. Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай тұтынуының шамамен 20 пайызы өтеді. Сондықтан оның жабылуы немесе қауіп төнуі мұнай бағасының күрт құбылуына әкеледі.