Трамп Иранның жаңа басшылығына соққы жасалғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығына тағы бір соққы жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл соққының салдары айтарлықтай ауыр болуы мүмкін.
Трамп нақты мәліметтерді ашып айтпастан, Иран басшылығының жаңа құрамына тағы бір соққы берілгенін және оның өте маңызды оқиға екенін атап өтті.
Оның сөзінше, бұл «өте күшті соққы» болған. Трамп сондай-ақ Иран үшін ең нашар сценарий – бұрынғыдай жаман адамның билікке қайта келуі екенін айтты.
Еске сала кетейік, Иранның жоғарғы рухани жетекшісі Әли Хаменеи және тағы бірнеше жоғары лауазымды шенеунік 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің әскери операциясы кезінде қаза тапқан.
3 наурыз күні Израиль әскері АҚШ қарулы күштерімен бірге Иранның Құм қаласындағы Сарапшылар кеңесінің (Assembly of Experts) ғимаратына әуе-зымыран соққысын жасағаны хабарланды.
Tasnim агенттігі мен Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, соққы Әли Хаменеидің мұрагерін таңдау үшін дауыс беруге қатысуы мүмкін жоғары лауазымды діни және саяси тұлғалар ғимаратта болуы ықтимал уақытта жасалған.
Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, адамдар алдын ала эвакуацияланған, сондықтан Сарапшылар кеңесінің мүшелері арасында қаза тапқандар жоқ.