Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:18

Трамп пен Путин жақында кездеседі: Еуропалық Одақтың реакциясы қандай?

Трамп
Фото: ашық дереккөз

Еуропалық Одақ Украинадағы тұрақты бітімге қол жеткізуге бағытталған кез келген күш-жігерді құптайды.

Владимир Путин мен Дональд Трамп жақын күндері кездеседі. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді. Оның сөзінше, қос тарап келіссөзге дайындықты бастап та кетті. Кездесу өтетін орын да белгіленген көрінеді.

Алайда Брюссель Ресейдің бейбітшілікке мүдделі емес екенін оның әрекеттері арқылы анық көріп отыр. Бұл туралы 7 тамызда Брюссельде өткен брифингте ЕО Сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Анита Хиппер мәлімдеді.

– Біз, әрине, Ресейдің келіссөздер үстеліне отыруына ықпал ететін кез келген қысымды құптаймыз. Украина мен Еуроодақтан бейбітшілікті көбірек қалайтын ешкім жоқ. Еуроодақ Украинаға барынша қолдау көрсетеді, - деді Хиппер.

Оның айтуынша, ЕО халықаралық серіктестерімен бірлесе отырып, Украинаның “майдан даласында барынша мықты болуына” және “келіссөздер үстелінде де мейлінше күшті позицияға ие болуына” күш салып жатыр.

АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Мәскеуге сапарынан кейін, президент Дональд Трамп Владимир Путин және Владимир Зеленскиймен жақын арада кездесу өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Кремль де АҚШ пен Ресей көшбасшылары алдағы күндері кездесуі мүмкін екенін растады.