Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:55, 15 Ақпан 2024

Трамп сайлауда жеңіске жетсе, Украинаны Ресеймен келіссөз жүргізуге мәжбүрлейді – Bloomberg

Трамп
Фото: из открытых источников

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, егер АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңіске жетсе, Украинаны Ресеймен бейбіт келіссөздерді бастауға мәжбүрлейді. Оның кеңесшілері сайлаудан кейін көп ұзамай Украина мен Ресей президенттері Владимир Зеленский мен Владимир Путиннің келіссөздерін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда.

Трамп егер Украина келіссөздерге келіспесе, Зеленскийді әскери көмекті алып тастаймыз деп қорқытпақшы. Өз кезегінде Трамп Ресейді келіссөздерге қайта оралуға көндірмек, бас тартқан жағдайда Украинаға әскери қолдауды арттыруды ұсынбақ.

Бұған қоса, Трамп НАТО-ның ұжымдық қорғаныс туралы шартының 5-бабының қорғаныс шығындарының жоспарын орындаған елдерге ғана қолданылатынын жариялауды жоспарлап отыр.

Шілде айында Трамп Украинадағы қақтығысты 24 сағат ішінде тоқтата алатынын айтып, бейбітшілікке қол жеткізе алатынына сенім білдірді. Екі тарап та, Трамп та, Зеленский де қақтығыстың бейбіт жолмен шешілетініне үміт білдірді.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы қақтығыс бір күнде шешілмейтін тым күрделі мәселе екенін жеткізді. Бұл ретте Владимир Путин Ресейдің АҚШ президенті ретінде Джо Байденге басымдық беретінін мәлімдегенімен, кез келген америкалық көшбасшымен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.