Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:20, 09 Желтоқсан 2024

ЦАХАЛ Сириямен шекарадағы буферлік аймаққа кіргенін хабарлады

Израил әскері
Фото: Израиль қорғаныс күштері

Сириядағы жағдайдың өзгеруін ескере отырып, ЦАХАЛ өз әскерін Сириямен шекарадағы буферлік аймаққа "және Голан жоталарының азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін" бірқатар басқа жерлерге орналастырды.

 Бұл туралы жексенбі, 8 желтоқсанда Telegram-да Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) хабарлады.

«ЦАХАЛ Сириядағы ішкі оқиғаларға араласпайтынын атап өтеміз. ЦАХАЛ буферлік аймақты сақтау және Израиль мен оның бейбіт тұрғындарын қорғау үшін қажет болғанша жұмысын жалғастырады», - делінген хабарламада.

Нетаньяхудың Голан жоталарына сапары

Дәл сол күні, 8 желтоқсанда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сирияда Башар Асад режимінің құлағанын құптап, бұл күнді Таяу Шығыстағы «тарихи күн» деп атады. Сирия билеушісі Асадтың құлауы «Ирандағы зұлымдық орталықтарының бірінің жойылуына әкелді», - деді Израиль премьер-министрі Голан жоталарына сапары кезінде.

Сонымен бірге ол Башар Асад режимін құлатуда Израильдің  Хеизболла қозғалысы мен «Асадтың ең маңызды жақтастары» Иранға қарсы тұруы да маңызды рөл атқарды деген пікірін білдірді. Нетаньяху: «Бұл Таяу Шығыста тізбекті реакция тудырды және диктаторлық режимнен азат болғысы келетіндерді күшейтті», - деді.

Израиль премьер-министрі ЦАХАЛ-ға Голан жоаларындағы буферлік аймаққа кіріп, осы аймақты, сондай-ақ «көрші стратегиялық позицияларды» бақылауға алуды бұйырғанын айтты. «Сириямен буферлік аймақ туралы 50 жылдық келісім сәтсіз аяқталды. Израиль ешқандай дұшпандық күштердің біздің шекарамызда орналасуына жол бермейді», - дейді Нетаньяху.