Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:41, 27 Қараша 2018

Тұңғыш Президент күніне арналған турнир

Атырау қаласында волейболдан Тұңғыш Президент күніне орай турнирге турнир өтті. Турнирге Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және қалалық Қорғаныс істері жөніндегі бірлескен бөлімінің әскери қызметшілері мен қызметкерлері қатысты.
Шараны кадр және саптық бөлімінің бастығы подполковник Аслан БҮРКІТАЛИН салтанатты түрде ашып, турнирдің барлық қатысушыларын Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.«Тәуелсіздіктің даму жылдарында біздің ел барлық салаларда, соның ішінде еліміздің әскери жүйесінде маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда айтарлықтай қол жеткізді» деп атап өткен подполковник Аслан Бүркіталин мұндай шаралардың жеке құрамды біріктіріп, жігерлендірудегі рөліне де тоқталды.Мерекелік турнирге төрт команда қатысты. Ойын барысында қатысушылар өз шеберлігін, ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Тартысты ойында мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік қызметінің командасы жеңімпаз атанып, үздік ойыншылар анықталып, мақтау грамоталарымен марапатталды. Фото автордікі.
Тегтер: