Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:09, 01 Мамыр 2020

Тұран жолбарысының тағдыры

Арыстан, жолбарыс дегенді естігенде, қазақ осы жыртқыштардықайдан білді екен деген сұрақтың еріксіз туатыны рас.

Қазір өзіміз NationalGeographic Channel, Nat Geo Wild секілді арналардан ғана көретін жануарлардыңкөбі орта ғасырларға дейін Азия аумағында да тіршілік еткен, олардың арасындааң патшасы да бар десек, балаларға ертегі айтқандай боламыз. Бірақ ертеде Тұран,бертін келе Түркістан атанған қазіргі Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан,Қазақстан секілді  бес мемлекет сыйыпжатқан алып территорияда жыртқыштың түр-түрі болғаны  рас. 1917 жылы осының бәріне иелік етіп қалуүшін Түркістан автономиясын құрған, болашақта «арыстандай айбатты, жолбарыстайқайратты» ұрпақты көксеген арыстар большевиктер күш алған 1932 жылы да қазақтыңәр тасын, әр аңын сақтап қалуды көксеп, жағрапия  пәні оқулығына Балқаш барысы туралымәліметтер енгізген. Азия арыстанының жұрнағы Үндістандағы ұлттық бақтарда әлікездеседі. Ал жолбарыс Сыр мен Әмудария бойында, Балқаш-Алакөл ойында,Тарбағатай жонында бертінге дейін жортып жүрген.  Содан болар, бұл хайуан туралы ауызәдебиетінде дерек молырақ.  «Қамбарбатыр» жырында:

«Сол уақытта жолбарыс

Түгінің бәрін жатқызып,

Құлағын жымып жапырды.

Көріктей ашып ауызын,

Ырылдап жаман ақырды.

Даусы жерді көшіріп,

Нар маядай бақырды.

Бүркіттей жазып тырнағын,

Тұлпарға барып асылды...» – делінсе, Мұхтар Мағауиннің«Шақан- шерісіндегі»  Шақан-түркістандықтыңтрагедиясы  тұтас қазақтың  зарын айтты. Мысал өте көп. Жолбарыс жайлыдерек отарлау саясаты кезінде қазақ даласын барлаған ресейлік экспедициямүшелерінің жазбаларында да  кездеседі.«Верненский гражданин»,   И.Ф.Бларамберг,Л.С.Берг, А.К.Гейнстердің  жазбаларытұран жолбарысының тарихын зерттеймін дегендерге бағыт беріп келеді.

 «Верненскийгражданин» деген бүркеншік есіммен тарихта қалған Карпов Бонифатий Архиповичдеген (1825-92) есауыл екен.  Қап тауымен Қиыр Шығыста, Түркістанда әскери қызмет атқарған, аңшы болған Карповтың«Мантық – жолбарыс жоюшы» деген очеркі бар, патшалық Ресей заманында «Природа иохота» журналына басылған, ал 1967 жылы дәл осындай атаумен шыққан арнайыжинаққа енген (50-бет). Карпов  ХІХ ғасырдыңорта шенінде Сыр бойына әскери қызметке келген казактардың қалай жолбарыс аулауды кәсіп еткенін баяндайды. Оқиға Аралтеңізінен

жетпісшақырым жерде, Райым өзені бойына бекініс салып, (кейіннен ол бекіністі  генерал-губернатор Обручев Қазалыға көшірді),хиуалықтар мен дала қазақтарының ортасын бөліп тастаған казак жасағының басынанөткен. Бекіністе 1500 әскери болыпты, Карповтың айтуынша, солардың арасынданағыз мерген, Орал казагы сапына қосылған Мантық деген қалмақ жігіті де  қызмет еткен. Сол Мантық  он екі жолбарыс алыпты,  он үшіншісін қамыс ішінде қамағанда өзі де,жанындағы серіктері де ауыр жараланады. «Мантық екі шүріппені бірден басты… Қақ маңдайданатпақ болғанда көзі алдады ма, әлде қолы қалт етті ме, екі оқ та жолбарыстыңкеудесіне, тамағынан сәл төмен тиіп, жаралады. Жеңіл жарақатқа долдана түскенжыртқыш Мантықты алып ұрып, қанжарын суыруға мұрсат бермей шайнай бастады.  Бақырған дауысқа тез-ақ жеткен өзге аңшыларжолдастарын құтқаруға дәттері бармай, қорқақтап тұрып қалды. ЖандалбасалағанМантық тізеге көтеріліп, жолбарысты артқы екі аяғынан орай тартып құлатты-ақ,бірақ қаһарлы шері қайта күш алып, жұлмалай берді. Осы кезде Мантықтың: «Бауырлар,құрыдым, атыңдаршы! Маған тисе де ата беріңдер, атыңдаршы!» – деген жан даусышықты».Верненский гражданин. «Мантык – истрибитель тигров» (аударған –С.Ә.)   

         Жолбарыс жұлым-жұлым еткен Мантық көпазап шегіп,  бес күннен кейін көз жұмған.Казактардың жолақты жыртқышты қалай қырғанынан бұрын, осы кітаптағы там-тұмдағантарихи мәліметтер маңыздырақ. «Бір кеште қамалдан ұзап барып 80 қырғауылататынбыз,  бір апта жортып 50-60 қабанататынбыз» дегендей мысалдар сол заманда Сыр бойының аң-құсқа өте бай болғанынбілдіреді. Білтелі шитісі ғана бар жергілікті қазақ  аса қажеттілік болмаса, аң атпаған. Қамысішіндегі жолбарыс пен қарапайым қазақ арасы тыныш болып, оқта-текте адамға,малға шауып маза бермегенін ауыл азаматтары қақпан құру, кереге құрсаныпжаралап, ашулы аңды найзалап алу секілді тәсілдермен жойып отырған.

            «Киргизы также боятся зверя и только в редких случаях(когда хищник принесёт особенно большие убытки) решаются охотиться на него.Прежде, когда хорошие ружья были у них редкостью, практиковалась охота склеткой, устроенной из надёжного материала; в неё заходили несколько охотникови, передвигая её, направлялись к логовищу. Зверь обыкновенно кидался на клетку,садился на неё, и в это время его убивали. Позже, с появлением ружей, сталиубивать зверя и пулей, иногда же употребляли отраву».

        

Бұл жердегі «клеткасы» – кәдімгі киіз үй керегесі, олтәсілді «Шахан-шеріде» жалайыр жігіттері қолданады. Қазақта жолбарыс аулаудыңмұнан да басқа бірнеше амалы бар. Орыс офицері Е.Т.Смирнов 1875 жылы «Журналохоты» деген басылымның 1-2 санында шыққан  «Охота на тигров на Сыр-Дарье» дегенәңгімесінде  «Іле мен Шудың қалыңқамысынан жолбарыс байқап қалса, қара қырғыздың жүрек жұтқан аңшылары түскіыстықты тосып, еңбектеп барып білтелі мылтықпен атып алады. Ондай батыл аңшыларТүркістанның оңтүстігінде жоқ» деп жазылған. Мұны қазақты кемсіте отырып өштестірудің тәсілі деуге болар, себебі Сырбойында да жолбарыс аулаған батырлар жайлы аңыз-әңгіме көп. Мәселен, жоғарыдаайтылған «Қамбар батыр» жырын Жетіасар мәдениетіне жатқызады. Өзін жолбарыстанаман алып қалған батырға қызын қосқан Алтыасар хан туралы да аңыз бар.

            Қазақтардың тағы бір тәсілі жемтікке қақпан құрып, олқақпанды жуан дөңбекке, бөренеге байлап тастау екен. Аранға ұрынғанып,ашуланған  аң қақпанды дөңбегімен сүйрейжөнеледі. Аңшылар  ізімен жүріп отырыпсілесі қатқан жыртқышты не ұрып, не шаншып, не атып алады.  Бұл әлі де қасқырға қолданылады, аяғын шайнап тастамасын деп, сүйретпебайлап қойып әлсіретеді.

         Еңқорқынышты және қазақ халқының жаужүректігін дәлелдейтін бір амал – сол қолдыарқанмен орап, оң қолға қанжар ұстап, жолбарыстың жатағына барып  қасқайып тұру. Жыртқыш тырнақпен осыпжібермеуі үшін аңшының денесіне өгіз терісінен қабаттап көбе кигізеді екен. Аңатылғанда арқан оралған қолды тосып, шайнатады. Сонда қанжармен жарып жіберугеболады. Жыртқыш салмағына шыдамай бара жатса серіктері жедел жетіп селебесілтеуі керек. Бұл – тәуекелді көп керек ететін айла.  Сыр бойынан жолбарыс аулап жүргенсарбаздарынан қазақтардың бұл өлермендігін естігенде губернатор АлександрПеровский қатты қайран қалыпты. Жолбарысқа шыққанда жолдасың сенімді болуыкерек.  Әкем Әбікен Сарыбайұлы: «Аюдақырық адамның күші, бір адамның жүрегі бар. Жолбарыста бір адамның күші, қырықадамның жүрегі болады. Жолбарысты жалаң қолмен ағайындылар ғана ала алады екен.Бөтен адам саған атылған аңның сұсынан қорқып қашып кетеді», – деп бір аңызбастаушы еді.     

         Өздерін жабайылар әміршісі сезінген,соңғы үлгідегі мылтық ұстаған отарлаушыларға бәрі таңсық еді, аңды қынадай қырыпты, одан басқа ермекте жоқ еді.  Шерінің тағдыры сол кездегішерлі қазақтың тағдырына ұқсас. Дәл осы жазалаушы әскерлер кіріп, оларға ілесекелген мұжықтар орнығып алғанда  жертарылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Түркістан маңында 25 деревня пайдаболып, 1300 отбасы көшіп келіпті. Әр отбасыда бестен адам бар десең, 6,5 мыңқарашекпенді қазақ даласын қаптап,  10десятинадан жер алды. Доңыз аулады, құсын атты, жерін жыртты, қамысын өртеді.Әр тұсқа форпостар салды. Қарашекпен жылдан-жылға көбейді. Қазақ жайылымсызқалды, шерінің азығы азайды. Сөйтіп, ауылдарды торып, ұсақ мал, иттерді алыпкететін болыпты. ХІХ ғасырдың басында-ақ батыс пен шығыс, солтүстікке тұмсықсұғып алып, қазақ руларының өрісін тарылтқан отаршы жыландай жорғалап, Ақмешіт,Тәшкен маңын иеленіп жатқан 28 адам 1848-49 жылдары  жолбарысқа жем болыпты. Оны губернаторПеровскийдің 1849 жылы қарашада әскери министр, князь Долгоруковқа жазғанхатынан білеміз.

«Управление отдельного Оренбургского корпуса 2 октября1851 г. № 5606

Милостивый государь князь Василий Андреевич!

Исправляющий должность начальника Аральского укреплениямайор Дамас в конце 1849 г. донес предместнику моему, что с приближением назимовку к сему укреплению киргизских аулов, в окрестностях оного появилисьтигры в большом противу прежнего числе. Кроме истребления лошадей и другогоскота, встреча с сими хищными зверями всегда почти оканчивалась смертиюкого-либо из киргиз, которых, как оказалось по собранным сведениям, в течение1848 и 1849 гг. заедено тиграми до 28 человек. В ноябре 1849 года киргизы,кочевавшие в 4-х верстах от укрепления, обратились к майору Дамасу субедительною просьбою избавить их от огромного тигра, который еще наканунеувлек и заел одного из них. Майор Дамас решился сделать облаву и зверь,окруженный в густых и высоких камышах охотниками из солдат и казаков в числе 40человек, был изранен и убит; однако же прежде того он успел поранить рядовых:Харчевского и Константинова и казака Хусаимова. Двое из сих нижних чинов при пользованиив лазарете укрепления совершенно выздоровели, а рядовой Константинов по случаюболее тяжелых ран лишился левой руки, которая при лечении его в лазарете отнятавыше локтя, и по медицинскому освидетельствованию при инспекторском смотре впрошлом году Константинов назначен в 4-й разряд неспособных с причислением наказенное содержание и по разрешению дежурного генерала Главного штаба е. и. в.от 1-го февраля с. г. за № 1251 уволен от службы. По возвращении Константиновав Оренбург и пред отправлением его на родину я приказал выдать ему из суммКорпусного штаба 25 р. серебром в награду за оказанную им неустрашимость, а осем довольно замечательном событии довожу до сведения вашего сиятельства,потому что о нем своевременно господину военному министру донесено не было...

            Прошуваше сиятельство принять уверение в истинном моем почтении и преданности.

Тұран жолбарысының терісіне осы дала губернаторы Перовский қатты қызығыпты,арнайы пәрмен беріп,  әр теріге 25 сомнансыйақы тағайындаған. Бұның қандай ақша екені түсінікті болуы үшін мынадай мысалкелтірейін:   ХХ ғасыр басында Ресейимпериясының генералдары айына 500-1000 сом, солдаты  небары 1 сом жалақы алған. Киер киім, ішерасы мемлекет мойнында болғандықтан, осыған көнген. Яғни тұрмыс қажытқандар сарбаздыққажазылып, жан баққан. Ал 25 сомға ол заманда бақандай 30 тауық немесе 27 үйрексатып алуға, отбасыңды біраз уақытқа жоқшылықтан құтқаруға болатын еді. 30тиынға асханадан тойып ас ішесің. Сондықтан крепостнойлықтан құтылып, жанын бағу үшін солдат болып қиырға аттанғандарға жолақты шеріні атып,терісін өткізу үлкен табыс еді. Қауіпті екеніне қарамастан, жолбарыс аулаушыларкомандасына тіленушілер көп болды.  Оныңүстіне сұраныс та сұмдық еді. Құлпырған терілерді Орынборға, кейін Петерборғадейін  алдырған. Ресей ақсүйектері «әрбатыл киргиздің төрінде ілініп тұрған аңның терісі неге біздің табанымыздыңастында жатпайды?!» деп екіленеді.

Биолог-эколог Виталий Прохоров «Туранский тигр – точка поставлена» деген ғылымизерттеуінде  1810-1940 жылдар аралығындаауланып, тіркелген жолбарыстар туралы жазады, оған Кавказ, Қарақалпақстан, Түрікменстансекілді елдерден атылған жыртқыштар да енген, соның арасында Өскемен бекінісінсалуға келген отаршылдар шығыстан аулаған  13, Сырдария–Түркістан маңынан 7, Ілеаңғарынан атылған 9 жолбарыс бар.  Ескерте кететін мәселе, тізім патшалық Ресейдің жазалаушы әскеріорныққан кезден ғана бастап жүргізілген. Мысалы, шығыстағы ауланған жолбарысесебі 1810 жылдан, Сыр бойы 1849, ал Іле–Қаратал 1891 жылдан жүргізілген. Осыарқылы-ақ  отаршының қазақ даласын қалайсатылай басқанын байқауға болады.  Жарайды,бұл басқа әңгіме.

    Жоғарыдағымәліметтерді қырылған аңның азы ғана деп қабылдау керек, өйткені Мантықмергеннің өзі бір жылда 13 жолбарыс аулағаны туралы куәгерлер жазбасы бар, оғанқазақ аңшылары атып, орыс көпестеріне терісін сатқан жыртқыштарды қосыңыз. Осындайда «Тұран жолбарысы қандай болды екен?» деген сұрақ туатыны орынды.Биологтар оның терісі қызғылт емес, ашық сары, қара жолақтары ұзын болғанынжазады. Ал ұзындығы мен салмағын Карпов жазып қалдырған. «Когда я приехалв форт, тигр уже лежал посредине площади. Это был один из самых больших зверей:он весил 11 пудов 22 фунта и имел в длину от хвоста до ушей 2 аршина 14вершков. Более крупных тигров я в жизни не видал».  Қазіргі есепке шақсақ, жолбарыстың салмағы181 келі, ұзындығы 2 метр 20 сантиметрге жуық. Салыстырмалы түрде айта кетейін,тұрандық жолбарысқа ұқсайды делінетін бенгал жолбарысының тұрқы – 275 см, орташа салмағы – 225-230 келі, амуржолбарысы – 180-250 келі, құйрығының ұшына дейінгі ұзындығы  3 метрден асып жығылады. Жыртқыштың қай түріболсын салмағы жағынан 20-30 келіге ауытқи береді екен. Сондықтан есауыл Карповкөрген  тұран жолбарысын  да сол заманда  қамыс арасынан күндей күркірегенжолақтылардың орташасы деп есептеу керек. Оның үстіне Балқаштың жағасында, Қараталдың сағасында отырған Көпбірлікауылында Сәдуақас Отарбайұлы деген адамның 1939 жылы жолбарыс алғаны туралымәлімет бар. Өлкетанушы Қараша Қараман ағамыздың 2010 жылдың 12 наурызында«Егемен Қазақстанда» жарияланған «Жолбарыс соққан Сәдуақас батыр» деген мақаласында  ол шерінің салмағы 210 келі, құйрығының ұшынадейінгі  ұзындығы 4 метр 10 сантиметргежеткені келтіріліпті. Жолбарыстың терісі мен Сәдуақас батырды Алматыға алдырып,суретке түсіріпті. Сурет «Қасиетті Қаратал» кітабында жарияланған екен. 

1866 жылдың тамызында Перовскіге (Ақмешіт)  небары үш күнге келген Г.Гейнс «В фортеПеровском» деген жолжазбасында 19-ы күні аңға шыққандарын, сол кезде қамысарасынан жолбарыс жолығып, жеті итті жаралағанын, жыртқыш тек сегізінші оқтанкейін сұлап түскені жайлы жазады.    

1852 жылы Ақмешітті алғашқы болып шабуылдаған орысбасқыншылығына қарсы соғысқан атақты Марал ишанды «жалған әулие» атағангенерал-лейтенант Иоганн (кейіннен Иван) Бларамбергтің  мемуарында «Приключенияс тигром на Яксарте» деген тарау бар. Ол Сырдарияны  көнеше Яксарт атағанды жөн көрген екен.  «Біз хиуалық, қоқандықтармен ғана емес, өтежиі кездесетін қатыгез дұшпанымыз жолбарыстармен де соғысуға мәжбүр болдық», – дейдіБларамберг. Нақты санын айтпаса да, өте көп аң қырғандарын жазыпты.

         Атақтыжиһанкез Семенов-Тян-Шанский де 1856 жылы Барнаул, Семей, Қапал, Верныйбекінісі арқылы Ыстықкөлге аттанған сапарында Талғар шатқалынан  бір жолбарысатып алғандарын жазады. Жолбарыс бір казактың сол қолын шайнап, бір итті жарыптастайды. Әлгі казак мүгедек болып қалады. 2017 жылы Петерборда «Пётр Петрович Семёнов-Тян-Шанский – географ,статист, жиһанкез» деген көрме өтті. Шара ғалымның туғанына – 190,  Тәңіртауға экспедиция жасағанына 150 жылтолуына орайластырылған екен. Орыс географиялық қауымдастығы ұйымдастырғанкөрмедегі көп сурет пен жәдігерлердің арасында  елең еткізгендердің бірі ғалымның кабинетініңэкспозициясы  еді. Аяқ астында азуыақсиған жолбарыс терісі жатыр. Қазіргі Алматының дәл түбінен,  Есік көлінің маңынан ауланған тұранжолбарысының терісі. 

   «Осы сәтте жолбарыс казакқа атылып,құрбандығын иығынан жұлқа тістеп алға сүйрей жөнелді, мұны ит ілестірген үшіншіказак байқап, алдын кес-кестей жүгірді.   Үлгермегендей еді,жолбарыс екі соқпақтың қиылысар тұсынан өте бергенде ит жетіп, жотасынан алатүсті. Шері аузындағы жемтігін тастай сала арқасындағы бәлекетті шайнаптастамаққа  шыр айналды. Итті жарыптастады. Осы кезде ажалдың қос оғы қатар тиген, осыған қарамастан, жыртқышетектегі өзенге дейін барып, судан бір-екі жалап, жағаға созыла жатып  дем шығарды».  П.С.Тян-Шанский «Тян-Шанға саяхат». 69-бет.Міне, ғалым жазбасында осылай сипатталған түз тағысыныңтерісін казактар жиһанкезге тарту етіп, ол қазақ даласынан естелік есебіндекабинетінің еденіне төсеп жүрген екен.    

         Жалпы,қазақ даласында жыртқышқа соңғы пана болған – Жетісу өңірі. Осындайда жолбарыс– қазақ азаттығы болып елестейді екен, өйткені  орыс отаршылдары дәл осы өлкенің қазақтарын еңсоңынан бағындырып, ұлтымыз бен жеріміз тұтас бодан болды.  Шудың бергі беті, Іле–Қаратал өңіріндегішеріге қатысты мәлімет баршылық. Ол жайлы айтпас бұрын, қай өңірде жолбарысшамамен қай жылдары жойылғанын тізбелейік. 1966 жылы «Наука» баспасынан атақтыбиолог-зерттеуші А.А.Слудскийдің «Владыка джунглей» деген кітабы шықты,соның  «Распространение и численностьтигра в СССР» деген тарауында Қазақстандағы жолбарыстар туралы мәліметтер былайкелтіріледі:

   «Қызылорда маңындағы жолбарыстар 1945 жылытолық жойылған, аңшылардан құтылғандары Торғай, Сарысуға қарай ауып кеткен.

   Талас пен  Шу өзені бойындағы жыртқыштаршамамен 1937 жылы құрып бітіпті.   

  Павлодар, Көкшетау, Ақмола бекіністері маңындағы, Тарбағатай, Зайсан,Қара Ертіс бойындағы аңдар ХІХ ғасырда-ақ құрыған.

   Жетісуда 1894-99 жылдар арасында әр жылы10-16 жолбарыстан атып отырған. Соған қарамастан, Балқаш–Алакөл аумағындағыжыртқыштар 1935 жылы да кезігіп тұрған. Ғалым ақырғы жолбарыстың ізін Балқаштыңоңтүстік жағалауынан 1948 жылы да көріпті». 

Осы тараудағы бір фотосуретті атап өтпесе болмайды. А.А.Слудский1960 жылдың 5 маусымында Іле бойындағы Желтораңғы деген жердегі тоғай арасынанжуырда өткен аң ізін байқағандай болады. Үміті ақталмайды.  Содан «Жуырда жолбарыс жортқан жер» деп, әлгіжиде мен тораңғы тоғайын суретке тартып алыпты. Балқаш маңында МұстафаӘбдірахманов деген бір қазақ 1957 жылы да жолбарыс атып алған деген әңгіме бар. Кім білсін, Сарыесік–Атыраудыңұшы-қиырсыз құмының  ортасында адам аяғыбаспаған тоғай, қамысы қалың көл көп. Ол жерге ат түгіл, осы заманның мықтытехникасымен жетудің өзі азап. Мүмкін, сол тоғайдың ішінде жалғызілікжолбарыс  жолығып та қалар деген үмітшырағы әлі сөнбеген.

     2008 жылы ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетініңбаспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет  желіарқылы «Ғажап! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері кереметжаңалықты хабарлады. Қорық аумағында қабылан пайда болды» деп сүйіншіледі емеспе?! Жолбарыс секілді мысықтұқымдасқа жататын қабыланның (леопард) суретіфотоқақпанға түсіп қалыпты, бұл да біздің мемлекетте жойылып кеткен аңдаресебінде еді. Оның үстіне қазірде Ресейдің Орталық Азияға арналған WWF бағдарламасы аясында  415 мың гектар жерге   Іле–Балқаш резерваты құрылып, 20 жылшамасында қалың қамыс арасында қайта жолбарыс жортып жүретіндей етеміз дегенбастама жүріп жатыр. Амур жолбарысы Бетпақтың азынаған бораны мен аптабынашыдай ма, бұрынғыдай емес, халық қалың, қоныс көп, қамыс арасы өрген мал, қалай болады? Десе де, бір күндері Балқаштың қалың нуынан, Сыр менТалас, Шуыңнан, Қара Ертістің бойынан, Тұранның тұтас ойынан құйқаңды  шымырлатар  күркіреген үн естілсе қайран қалуғаболмас. 

        

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, журналист

Тегтер: