Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
22:17, 24 Қараша 2020

Туризм индустриясы бойынша тренинг өтті

None
None

Шымкент қаласында іскерлік кездесулер мен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыратын MICE(Meetings, Incentives, Conferences, Events) индустриясына көңіл бөлініп отыр.

Осы бағытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясымен бірлесе қаладағы қонақ үй менеджерлеріне, туристік операторлары мен агенттіктерге арнайы семинар-тренинг өткізді.

Аталған семинарда 25 жуық компания өкілі туризм саласын дамыту бойынша ақысыз білімін жетілдіруге мүмкіндік алып отыр.

Дәріс барысында халықаралық іс-шараларды дестинацияға тарту, іскерлік кездесулердің негіздерін басқару, сату саласын оңтайландыру және халықаралық ассоциациялардың іс-шараларын тарту әдістері мен замануи трендтер секілді тақырыптар талқыланды.

Туристік индустрия жұмысының жеке, топтық немесе корпоративтік тиімділігін арттыру бағытында сабақ алған мамандар мәдени қаламызда халықаралық жиындарды ұйымдастыруға   ықпал етеді.

Тегтер: