Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:25, 28 Ақпан 2024

Түрік компаниясы Түркістаннан 25 млрд сыйақы алды, Ақтаудан ше? Әкімдік жауабы

ақтау әуежайы

Түркістан халықаралық әуежайы басшылығына мемлекеттік бюджеттен 25 миллиард теңге сыйақы берілгені туралы көлемді зерттеу мақаласын жариялаған болатынбыз. 

Әуежайды YDA Group компаниясы өз қаражатына 11 айда салып бітірген. Жоба құны – 73,1 млрд теңге (әуежай құрылысы – 54 млрд, арнайы техникалар және өзге шығындар – 19,1 млрд). 2020 жылдан бастап әуежайды түріктер 4 жыл бойы басқарып келді. Түркістан әкімдігінен сыйақының не үшін берілгенін сұрағанымызда "келісімшартта көрсетілген" деп жауап берді.

Компания Түркістаннан бөлек Ақтау әуежайын және еліміздегі бірнеше ірі құрылыстарды жүзеге асырған. Сондықтан Jas Alash порталы Маңғыстау әкімдігінен "жергілікті әуежай басшылығына осы жылдар аралығында қандай да бір сыйақы берілді ма, сыйақы беру келісімшартта көрсетілген бе?" деп ресми сауал жолдады.

Сұрағымызға "Мағыстау облысы" қаржы басқарма басшысы С. Нарешова жауап берді.

"Осы жылдар аралығында, 2007 жылдан бүгінге күнге дейін Әкімдік тарапынан жергілікті бюджет есебінен әуежай басшылығына сыйақы берілмегенін, келісімшартта сыйақы мөлшері қарастырылмағанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2008 жылы Ақтау әуежайын ATM GRUP Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim Ve Isletme Limited («Атм Груп Улусларарасы Хавалиманы Йапым Йатырым Ве Ишлетме Лимитед Ширкети») ЖШС-ның Ақтау филиалы 28 жылға жалға алған. Басшысы – Гювенч Ахмет Хамди есімді азамат.