Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:37, 16 Қараша 2021

Түркістан облысында 4 ірі жоба жүзеге асырылды

None
None

    Биыл  Түркістан облысында 18,3 млрд теңгені құрайтын, 587 жаңа жұмыс орны құрылатын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 2,9 млрд теңгелік 4 жоба іске қосылды.

Нәтижесінде 154 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы облыстық  инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

     Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы облыстағы 9 индустриалды аймақтарда инфрақұрылымдық мәселелер ретімен шешіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, артылған міндетті орындау жолында барлық мүмкіндіктерді пайдалану керектігін баса айтты. 

     «Негізінен өңір көлемінде 2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды – инновациялық даму бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына 299,7 млрд теңгені құрайтын 5 171 жаңа жұмыс орнын құрумен 32 инвестициялық жоба енгізілген. Ал 2022-2025 жылдары өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына инвестициялық құны 243,1 млрд теңгені құрайтын  2 220 жаңа жұмыс орны құрылатын  12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған», — деді Қайрат Мұратұлы.

    Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында облыста негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 478,6 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,1 млрд теңгенге жеткен.  

Тегтер: