Түркістан облысында 5 жасар баладан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 5 сәуірде Түркістан облысында екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, олардың бірі — бес жасар бала. Арыс қаласы Наурыз ауылында тұратын балаға вирус анасынан жұққан. Анасы Нұр-Сұлтан — Шымкент бағытындағы пойызбен келген әйелмен жақын араласқан.
Екінші науқас 1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан скрингке түскен кезде вирус анықталған.
"Науқастардың жағдайы — орташа, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазір оқшауланып, емделіп жатыр" делінген басқарма хабарламасында. Олармен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланады.
Түркістан облысында жалпы 25 адамнан коронавирус табылған: Жетісай ауданында — 13, Кентау қаласында — 2, Арыс қаласы — 2, Ордабасы — 1, Сарыағаш — 1, Мақтаарал — 4, Сайрам ауданында – 2 адамға вирус жұққан.
Қазақстанда жалпы 551 адамнан коронавирус табылған.
Telegram бізге жазылыңыз