Түркістан облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды
4 сәуір таңертең денсаулық сақтау министрлігі Түркістан облысында бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.
Қазақстанда барлығы төрт адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда бір науқас көз жұмған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.
4 сәуір таңертең министрлік Қазақстанда 36 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Министрліктің дерегінше, Алматыда — 16, Солтүстік Қазақстан облысында — 7, Қарағанды облысында — 4, Түркістан облысында — 4, Атырау облысында — 2, Маңғыстау облысында — 1, Жамбыл облысында 1 адамға вирус жұққаны анықталған.
Елде науқастардың жалпы саны 500 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтанда — 202 адам
- Алматыда — 109 адам
- Қарағандыда — 26 адам
- Атырау облысында — 16 адам
- Ақмола облысында — 19 адам
- Алматы облысында — 9 адам
- Қызылорда облысында — 26 адам
- Жамбыл облысында — 9 адам
- Шымкентте — 12 адам
- Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 4 адам
- Ақтөбе облысында — 7 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 25 адам
- Павлодар облысында — 1 адам
- Маңғыстау облысында — 3 адам
- Қостанай облысында — 1 адам
- Түркістан облысында — 23 адам.
Коронавирустан 29 адам (Алматыда — 13 адам, Нұр-Сұлтанда — 16 адам) айыққан.