Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:56, 07 Сәуір 2020

Түркістан облысында жағдайы ауыр екі науқас Шымкент ауруханасына жеткізілді

None
None

Түркістан облысында короновирус жұқтырып денсаулығы нашарлаған екі адам Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Бұл туралы 7 сәуір күні Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова айтты.

Айгүл Бекбауованың сөзіне қарағанда, Түркістан облысынан жеткізілген екі науқастың жағдайы ауыр. Жан сақтау бөлімінде жатыр.

Түркістан облысында короновирус жұқтырғандар саны 33 адамға жетті. Олардың ішінде екі сәби бар. Аймақтағы Жетісай ауданы мен Бадам, Дербес, Еңкес, Қосбұлақ, Ханқорған және Наурыз ауылы және үш аурухана мен үш көпқабатты үй карантинге жабылған. Облыста көшеге шыққандарға маска тағу міндеттелген. Автовокзалдар мен темір жол вокзалы жұмысын тоқтатқан. Ондаған блокбекет қойылған.

4 сәуір күні Түркістан облысы Жетісай қаласының 64 жастағы тұрғыны короновирустан қайтыс болды. Марқұм қала шетіндегі Молдаөлген зиратына жерленді. Жерлеу рәсіміне карантинде жатқан оның балалары мен туыстары қатыспады. Марқұм Алматы қаласында қонақта болып келген соң дене қызуы көтеріліп, дәрігерлерге көрінген. Кейін одан короновирус табылып, 29 наурызда жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 670 адам болды. 46 адам айыққан. 6 адам қайтыс болған.

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер: