Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:29, 17 Мамыр 2020

Түркістан облысындағы сел: Билік бүлінген үйлерді қалпына келтіруге уәде берді

None
None

Түркістан облысы әкімдігі бірнеше күн бұрын болған селдің кесірінен 30-дан астам үйдің бүлінгенін хабарлап, олар қайта салынатынын хабарлады.

"Қазір селден зардап шеккен 30-дан астам үй анықталып, олар қайта салынатын болады. Бұған қоса, жоғарғы Қасқасу елді мекеніндегі Қасқасу өзені бойында орналасқан 4 көпірді су шайып кеткен болатын. Қазір жобалық құны 82,8 миллион теңге құрайтын 4 көпірдің сметалық құжаттамасы әзірленген" делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

13 мамырда Түркістан облысы Төлеби, Қазығұрт және Бәйдібек аудандарында қатты нөсер жауып, 500-ден астам аула, 76 үйге су кіріп, 250-ден адам эвакуцияланған болатын.

Видео: "Үйдің іші лай". Оңтүстік жұртын тасқын әбігерге салды (14 мамыр 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=""Үйдің іші лай". Оңтүстік жұртын тасқын әбігерге салды" data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> &amp;quot;Үйдің іші лай&amp;quot;. Оңтүстік жұртын тасқын әбігерге салды please wait Embed Бөлісіңіз
"Үйдің іші лай". Оңтүстік жұртын тасқын әбігерге салды
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly />
width /> px height /> px
The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30611865.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00 Жүктеп алу

Ауа райын болжайтын мамандар таулы аймақтарда алдағы күндері тағы жауын болуы мүмкін деп ескертеді. Сарапшылар Орталық Азиядағы постсоветтік мемлекеттегі елдімекендердің тасқыннан жиі зардап шегуінің себебін су ағызатын арнайы жүйенің жоқтығы немесе арықтардың бітеліп қалуымен, суландыру және су тартатын жүйелердің қатты нөсер кезінде пайда болатын артық суды ағызып жіберуге бейімделмегенімен байланыстырады.

Оқи отырыңыз: Тасқыннан қашқан жүздеген тұрғын арнайы орын мен туыстарын паналады

Тегтер: