Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:50, 01 Маусым 2022

Түркістанда 32 миллион теңге талап еткен бопсалаушылар ұсталды

None
None

Түркістан облысының полицейлер медицина мекемелерінің қызметкерлерін бопсалаған күдіктілерді ұстады.

 Бопсалаушыларды ұстау операциясын Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері бірлесіп жүргізген.

Күдіктілер жүйелі түрде Мақтаарал және Жетісай аудандарында орналасқан медицина мекемелерінің қызметкерлерінен, олардың қаржылық қызметі туралы мәліметтерін таратып, жала жауып, оны жариялау қаупін төндіріп, ақша бопсалаумен айналысқан. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов айтып берді: -Криминалдық полиция басқармасына медицина мекемесінің бірінің қызметкері шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер жалған мәліметтерді таратып жариялаймыз, сондай-ақ бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексерулерін ұйымдастырамыз деп бопсалап, 32 миллион теңге талап еткен. Аталған жайт біздің полицейлермен Қылмыстық кодекстің  194-бабы 4-бөлігі «аса ірі мөлшердегі бопсалау» бойынша тіркеуге алынды.   Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Жетісай қаласындағы кафелердің бірінде ірі көлемде ақша қаражатын бопсалап,  алып жатқан Жетісай қаласының тұрғынын, яғни күдіктіні ұстадық. Ұсталған сезіктіден айғақты зат ретінде 32 млн теңге көлемінде ақша тәркіледік, — деді Қ.Сахов. Бұдан әрі Шымкент қаласындағы мекемелердің бірінің жанындағы тергеу әрекеттерінің нәтижесінде, Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері, ҰҚКД қызметкерлері және Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бірлесіп, екінші күдікті, Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстаған. Бүгінде күдікті екеу уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қажетті жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер: