Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады
Түркістан облысының полицейлері мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаған цехты анықтады, деп хабарлайды Zhasalash.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік құралдары үшін жалған мемлекеттік нөмірлік белгілерді заңсыз дайындаған цехты анықтады.
Тінту кезінде 103 нөмірлік белгі, 100-ден астам голограммалық жапсырмалар және нөмір жасауға арналған арнайы станок табылды.
"Самара – Шымкент тас жолында жедел уәкілдер жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізген жедел шаралар кезінде Нива автокөлігінің мемлекеттік нөмірі жалған болуы мүмкін екеніне күмәнданды. Полицейлер тез арада жедел әрекет етіп, көлік нөміріне қатысты жұмыстарды атқара бастайды. Осылайша олар көліктің жүргізушісіне таққан нөмірінің басқа адамға тіркелгенін айтып, түсіндіреді.
Одан әрі қарай қырағылық танытқан сақшылар арнайы жоспар құрып, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін өткізеді. Нәтижесінде Шымкент қаласында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасап жатқан цехты анықтап, оның иесі ретінде жергілікті тұрғынды ұстады", - делінген облыстық полиция басқармасының мәлімдемесінде.
Тінту кезінде полиция қызметкерлері 103 нөмірлік белгіні, 100-ден астам голограммалық жапсырмаларды және нөмір жасауға арналған арнайы станокты тапты.