Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:41, 26 Ақпан 2024

Түркістанда балабақшалардың бірінде аспаз балаға қол көтерген

балабақша
Фото: из открытых источников

Тағы да балабақшадағы балаларды ұрып-соғу жағдайы. Бұл жолы оқиға Түркістан қаласының балабақшаларының бірінде болған.

Желіде бейнебақылау камерасы арқылы жазылған видео тарады. Одан балаға аса қатыгездік көрсетілгенін көруге болады.


«Бұл бүлдіршіннің балабақшадағы бар-жоғы екінші күні еді. Ол әлі балабақша салтына үйренбегені анық, сондықтан жылаған болар. Бірақ бұл баланы аяусыз ұру керек дегенді білдірмейді ғой. Баланы аспаз ұрды. Осы сәтте тәрбиешілер мен күтушілер қайда болды?!», - дейді видео авторы.

 

Еске салайық, 3 күн бұрын ғана Алматыдағы балабақшалардың бірінде бүлдіршін аяусыз соққыға жығылып, ауыр жарақат алған еді. 

Тегтер: