Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:13, 06 Желтоқсан 2023

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция міндетті түрде ескеріледі - Балаева

Балаева
Фото: из открытых источников

Мәдениет және ақпарат министрі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Ол Facebook парақшасында онлайн петициялар платформасы Қазақстанда тек келесі жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істей бастайтынын еске салды. Сонымен бірге ол қазақстандықтардың, әсіресе осындай ауыр тақырыптағы үні мемлекет үшін де маңызды екенін атап өтті.

«Өтініш мемлекеттік органдар тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес саласында жұмыс істеген кезде ескерілетін болады. Біз осы петицияға бастамашы болған бірқатар сарапшылармен үнемі байланыстамыз және олардың пікірлерін ескереміз», - деп жазды Балаева.


Еске салайық, бұған дейін Әділет министрі Азамат Есқараев 150 мың дауыс жиналған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петицияның заңды күші жоқ екенін айтқан болатын. Өйткені ол орналастырылатын платформа заңмен белгіленбеген.