Тұтынушыға есепшот бермеген дәріхана жауапқа тартылады

Шымкенттезалалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Сонымен бірге арнайы мониторингтік топтың жұмысынәтижесінде қалада дәріханалардағы дәрілерлердің бағасы тұрақтала бастады.
Оданбөлек, айыппұл салу жұмысы күшейтілді.
Бұл туралы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылғанжедел штабтың отырысында қаланың бас санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевмәлім етті. Бас санитардың айтуынша, енді тұтынушыларға есепшот бермегендәріханалар да әкімшілік жауапқа тартылады.
Жиын барысында қаладағы дәрілік заттар сақтайтын қоймалармен дәріханадағы дәрілердің жетіспеушілігі жақсара түскені айтылды. Бұлмәселені шешу жөнінде шет елдерден ең керекті дәрі-дәрмектер алынған. Айтакетейік, қазіргі таңда қаладағы дәріханаларда 11 893 – қызу басатын дәрі, 40845 – антикоагулянттар, 90 106 – бактерияға қарсы терапия, 81 175 – вирусқақарсы дәрі, 907 – аскорбин қышқылы және 87 148 жеке қорғану құралдары бар.