Тынық мұхитында итімен 2 ай адасқан теңізші адам танымастай өзгерді
Тынық мұхитында теңізші итімен 2 ай адасқан. Оны құтқарған кезде адам танымастай өзгеріп кеткен.
Тірі қалу дағдылары мен климат ерекшеліктері оның аман қалуына көмектескен. Бұл туралы 9News жазды.
51 жастағы аустралиялық теңізші Тим Шэддок пен оның иті Белла үш айдан астам уақыт бұрын Мексиканың Ла-Пас қаласынан жүзіп кеткен. Жағадан алыстағаннан соң бірнеше аптадан кейін кеме дауылға ұшырап, қатты зақымданған.
Ер адам екі айға жуық уақыт бойы итімен мұхитта шикі балық жеп, жаңбыр суын ішіп жүрген. Тікұшақ экипажы оларды кездейсоқ байқап қалған.
Тим мен итті бортқа алып шыққаннан кейін, оларды тексерген дәрігер ер адам мен оның итінің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда екенін хабарлады.
Профессор, мұхиттан аман қалу жөніндегі сарапшы Майк Типтон оқиғаға түсініктеме бере отырып, Тынық мұхитынан адамды табу шөптен ине табумен бірдей екенін атап өтті.
Тимнің аман қалуына иті де көмектескен. Мұндай жағдайда адам жалғыздықтан қатты зардап шегеді.