Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:13, 05 Сәуір 2023

ТЖМ басшысы жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын үйлерді атады

None
None

Қазақстанда жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда жұмыс істейтін құрылыс салушыларға қойылатын стандарттар мен талаптар күшейтілді.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты. 

Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып, министр Түркиядағы жағдай көптеген елде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қайта қарау қажеттілігін туғызғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстанда.

"Қазақстанда 40 пайыздан аса аумақ жер сілкінісі түріндегі табиғи апаттарға бейім. Бақытымызға орай, өткен ғасырда бұл аумақта жойқын жер сілкінісі болған жоқ", — деді Ильин Мәжіліс отырысында.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда сейсмикалық аймақтардағы құрылыс нормалары күшейтілген.

"Қазақстан жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда жобалау және құрылыс нормаларын күшейтті. Оларды бұлжытпай орындау жобалық ұйымдардың, құрылыс салушыларының міндеті, құрылыстың сапасына көбіне солар жауапты. Тек ірі қалаларға ғана емес, сондай-ақ ешбір стандарттарға жатпайтын, тиісінше, жойқын жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын кірпіштен салынған ғимараттар мен тұрғын үйлер жиі қолданылатын елді мекендерге де назар аударған жөн. Сондықтан мұнда ауқымды қаржылық инвестицияларды қажет ететін жұмыс ауқымы кең", — деді министр.

Тегтер: