ҰБТ тапсырмай 140 балл алды

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға біразөзгерістердің енгізілгені мәлім.
Сондайжаңалықтардың бірі – SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тестілерінің балынҰБТ балына ауыстыру шкаласы енгізілді.
Егер түлек «SAT reasoning» және «SATsubject» сертификаттарын тестті тапсыру пунктінде тапсырған болса, солсертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу балы ретінде көрсетіледі және солсертификаттар арқылы грант беру конкурсына қатыса алады.
Ұлттық бірыңғайтестілеуді тапсырмастан 140 баллға ие болған шымкенттік дарынды оқушылар дабар. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 Білім инновация лицейінің 4түлегіне ҰБТ басталарда Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 баллкөрсеткіші бар сертификат табысталып, сынақтан босатылды. Олар: Диас Әкімбай,Аброрбек Шаназаров, Алишер Шерхан және Әбіш Исағұлов. Жоғарыда атап өткен №1Білім инновация лицейінің 4 түлегі халықаралық стандартталған тест тапсырып,бəрі де 700 балдан жоғары ұпай жинаған. Сол себепті оларға автоматты түрдеҰБТ-ның ең жоғарғы 140 балы берілді.