Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:22, 10 Қазан 2019

УЕФА Қазақстан футболына не үшін шүйлікті?

Қазақстанның футболбіріншілігінде алдын ала келісілген матчтар болуы мүмкін. Мұндай күдіктіҚазақстан футбол федерациясына Еуропа футбол қауымдастығының одағы жеткізген.

ҚФФ бас хатшысы Азамат АЙТҚОЖИН премьер-лигадағы 2 матчқа қатысты күдік барынрастады.

«ҚФФ-ның басшысы Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ УЕФА-дан түскеншағымға қатысты арнайы жиын өткізді. Мәселе, 1-ші және 2-лига ойындарынақатысты. Қазір, «Ақтөбе» мен «Жетісу» футбол клубтарынақатысты тексеру жүргізілді.  Одан басқа,ҚФФ премьер-лигадағы 2 ойынға күмәнмен қарап отыр. Барлық материалдар жиналып,тиісті іс жүріп жатыр», — деді Азмат Айтқожин.

Осыған дейін «Ақтөбе»кәсіпқой футбол клубының директоры Самат СМАҚОВ келісілген ойындарға қатысыбары анықталған «Ақтөбе-Жас» командасының 3 ойыншысымен қошайтысқанын хабарлаған. Артынша, тағы бірнеше футболшы командадан кеткен. Футболардагерінің сөзінше, келісім «Жетісу-Б» командасының капитаны мен «Ақтөбе-Жас»және «Ақтөбе-М» ойыншылары арасында болған. Ол келісімді украиналықазаматтар басқарып, бақылап отырған. Мұндай күдіктер жаздың ортасында болған.Алайда, дәлел жеткіліксіз болғандықтан істің мән-жайын айту қиын болды. СаматСмақовтың айтуынша, бұл іске байланысты қазір барлық дәлелдер бар.

Ал, белгілі спорткомментаторы әрі футбол сарапшысы Ермұхамед МӘУЛЕН Қазақстанда сатылатын жәнекелісілетін матчтар бұрыннан болғанын айтады. Бірақ, оны дәлелдеу оңай емес.Спорт журналисі Еуропа футбол одағы Қазақстанда келісілген матчтар анықталсаайппұл салуы мүмкін екенін, бірақ, бұл ел футболының имиджіне айтарлықтайнұқсан келтірмейді деп санайды.

«Ағылшын премьер-лигасынан басқасының бәрі сатылады.Мәселен, А сериясында бір жылдары әлемнің бәрі танитын «Ювентус», италиялық саясаткер СильвиоБерлусконидің «Милан» командасы да келісілген матчтар үшін жауапқа тартылған.Олардың жанындаҚазақстандағы командалар өзара келісіп, ойынды сатпайды деп айту қиын. Күдіктуғызған матчтарды айтар болсам уақыт жетпей қалады. Бізде сатылмайтын екі-ақклуб бар. Олар — «Астана» мен "Қайрат". Қалғандары аратұракүдікті ойындар көрсетіп жатады. ҚФФ күдіктенген матчты, шамамен, мен де біліпотырмын. Жуырда ғана ойнап кеткен «Ертіс»-«Шахтер» және«Оқжетпес» пен «Тараз» арасындағы ойынды тексеруі мүмкін», — дейді футбол сарапшысы Ермұхамед Мәулен.

Қазақстанжанкүйерлерінің күдігін туғызған футбол матчтары аз емес. Солардың бірі 2011жылы Талдықорғанда өткен «Жетісу» мен «Шахтер» командаларыарасындағы ойын болатын. Ел чемпионы атанудан үмітті болған талдықорғандықкоманда үшін бұл ойында тең ойнап, соңғы турда жеңілмесе жеткілікті болған.Алайда, олар 0:2 есебімен өз алаңында қарағандылықтарға жол берген еді. Бұлойын жанкүйерлер арасында үлкен күдік туғызған.

Еске салайық,Қазақстан Рахат ӘЛИЕВТІҢ бастамасымен УЕФА құрамына 2002 жылы сәуірдің 25-демүше болды.

Фотоларды авторұсынды.

Тегтер: