Үкімет ұшаққа миллардтаған қаражат жұмсай ма - ресми жауап берілді
Үкіметтің баспасөз қызметі үкімет мүшері "ұшаққа миллиардтаған ақша жұмсайды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Қазақстандық мемлекеттік БАҚ-тардың бұрынғы журналисі әлеуметтік желілерде таратқан үкімет мүшелерінің ұшу шарттары мен оларды тасымалдау қызметінің құны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Журналистің мәліметінше, жыл сайын премьер-министр мен оның орынбасарларының, сондай-ақ Сенат пен Парламент Мәжілісі төрағаларының әуе рейстеріне республикалық бюджеттен 15-20 миллиард теңге мөлшерінде қаражат қарастырылады. Іс жүзінде, 2021 жылға премьер-министр мен орынбасарлары бастаған қазақстандық делегациялардың ерекше маңызды сапарларына (жедел рейстерге) 578 миллион теңге көлемінде шығын қарастырылған", — деді баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл сома 2021 жыл бойына тасымалдау қызметіне есептелген. Бірақ қазақстандық делегациялардың өңірлік және халықаралық рейстері бойынша төлем жасалады.
«Мысалы, 2020 жылы жоспарланған 578 миллион теңгенің 275,6 миллион теңгесі рейстерге төленді. Премьер-министр мен орынбасарларының бекітілген жеке ұшақтары жоқ», — деді ведомство қызметкерлері.
Бұл сапарлар елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу үшін өңірлер бойынша, сондай-ақ Мемлекет басшысының шет елдермен экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін таяу және алыс мемлекеттерге тек қызметтік мақсаттарда жүзеге асырылатыны айтылды.
«Жолаушыларды кестесіз (ішкі және халықаралық) тасымалдау бойынша әуе көлігі қызметтерін „Бүркіт“ мемлекеттік авиакомпаниясы көрсетеді. Министрлер бастаған қазақстандық делегациялар коммерциялық авиакомпаниялардың рейстік жолаушылар ұшақтарымен ұшады.
Экс-журналист рейс қызметіне қызыл және қара уылдырық, арақ пен виски, экзотикалық жемістер кіретінін мәлімдеді, бұл да шындыққа жанаспайды», — деді премьер-министр баспасөз қызметінің өкілдері.