12:45, 27 Тамыз 2024
Үкімет АЭС салу бойынша референдум өткізуге қатысты қаулы қабылдады
Бүгін, 27 тамыз күнгі Үкімет отырысында атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралды.
Мәселені талқылау қорытындысы бойынша энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Республикалық референдум өткізу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын қарауға енгізуге ұсыныс жасады, делінген хабарламада.
Оның айтуынша, референдум өткізу атом энергетикасын дамыту және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде салмақты шешім қабылдауға көмектеседі.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша дауыс беру жүргізілді. Ұсынылған Үкімет қаулысының жобасы бірауыздан қолдау тапты.
Энергетика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп Президент Әкімшілігіне Жарлық жобасын енгізу тапсырылды.