Ресей Украина шабуылынан кейін Қазақстаннан бензин сұрады
Ресей Қазақстаннан 100 мың тонна бензин беруді сұрайды. Оған - Украинаның ұшқышсыз ұшақтарының Ресей мұнай өңдеу зауыттарына шабуылы себеп болған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Сонымен қатар, Орск қаласындағы су тасқынына байланысты Орскнефтеоргсинтез мұнай өңдеу зауытының жұмысын тоқтатуы да себеп.
- Ақпарат көздері Мәскеудің Қазақстаннан Ресейге жеткізуге дайын 100 мың тонна бензиннің төтенше резервін құруды сұрағанын хабарлады. Дереккөздердің бірі Ресейге қосымша бензин резервін жіберу туралы келісімге қазірдің өзінде қол қойылғанын хабарлады. Көрші Беларусь та Ресейге бензин жеткізуге көмектесуге келісті. Украинаның соңғы шабуылдарына сәйкес, ресейлік мұнайды бастапқы өңдеу қуатының шамамен 14%-ы істен шыққан. Әзірге билік ішкі жанармай нарығындағы жағдай тұрақты, қор жеткілікті деп отыр. Ресейдің Энергетика министрлігі түсініктеме сұраққа жауап бермеді, - деп жазады Reuters.
Ал, Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарады.
– Ресей Федерациясының Энергетика министрлігінен мұндай сұраныс түскен жоқ. Сондықтан ақпарат расталған жоқ, – деді Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов.
Фото: ПАО "НК «Роснефть"