Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:47

Украинада футболшыға орыс тілінде сөйлегені үшін ескерту жасалды

1
Фото: ашық дерекөз

Украина чемпионатының 3-турында өткен «Систерс» – «Колос» матчы күтпеген оқиғамен есте қалды.

Одесса командасының ойыншысы Ирина Майбородина кездесудің 42-минутында орыс тілінде айқайлағаны үшін сары қағаз алды.

Ойынның бас төрешісі Анастасия Романюк жағдайды былай түсіндірді:

“Бұл – Украина чемпионаты. Мұнда орыс тілінде сөйлемейміз! Сары карточка ойыншының наразылық білдіргені үшін берілді. Одан украин тілінде сөйлеуін сұрадым,” - деді ол.

Стадиондағы жанкүйерлер де төрешінің шешімін қолдап, қол соғып қуаттады.

Айта кетейік, үш турдан кейін «Систерс» барлық матчта жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап келеді.

Тегтер: