Украинаның НАТО-ға кіруіне қай елдер ашық түрде қарсы?
Брюссельде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесі өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі бас тақырыптың бірі – Ресеймен соғысып жатқан Украинаға қолдау көрсету.
Ресми Киев жиын қарсаңында тағы да Солтүстікатлантикалық одақты Украинаға сыртқы басқыншылықтан қауіпсіздік кепілі ретінде НАТО-ға қосылуға ресми шақырту жіберуге шақырды. Батыс дипломаттарына сүйенген агенттіктер одаққа мүше 32 ел арасында бұл мәселе бойынша ортақ консенсус жоқ, таяу арада мұндай шақырту болуы екіталай деп жазды.
НАТО-ға мүше елдердің көбі ұйым қатарына Украинаны шақыруға қарсы емес, Украина президенті Владимир Зеленский айтқандай, шақырту – елдің НАТО-ға мүше екенін білдірмейді, бірақ одаққа қосылу бойынша артқа қайтар жол жоқ дегенді көрсетеді.
Алайда шақырту жіберу үшін НАТО-ның барлық елі ортақ пікірге келуі керек. Венгрия мен Словакия сияқты елдер Украинаны одаққа шақыруға ашық түрде қарсы болып отыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ пен Германия да Киевті қазір шақыруға дайын емес. Reuters сұхбаттасқан дипломаттардың бірі одақтастар жиында болуы мүмкін келіссөздер алдында Украинаны қолдау шарасына назар аударады деп айтқан. Оған "қаржы, қару және мобилизация" қажет деген дипломат.