Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
19:25, 16 Қыркүйек 2019

Украинаның депутаты Нұр-Сұлтанда чемпион болды

Украиналық балуан Жан БЕЛЕНЮК Нұр-Сұлтан қаласындаөтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Бұл туралы «Жас АЛАШ»сайты хабарлайды.

Грек-рим күресінің шебері финалда мажарлық балуанВиктор ЛОРЕНЦАНЫ 2:1 есебімен жеңіп кетті. Финалға дейін Беленюк неміс ДенисКУДЛА, белорус Николай СТАДУБА, хорват Иван ХУХЛЕК және мексикадан келгенспортшы Альфонсо ЛЕЙВУ ЙЕПЕСТІ жеңді. Осылайша 28 жастағы балуан екі дүркінәлем чемпионы атанды. Украиналық балуан ең алғаш рет әлем біріншілігін 2015жылы ұтқан болатын. Европаның үш дүркін чемпионы һәм Рио олимпиадасының күмісжүлдегері. 87 келіде өнер көрсетеді.

Жан ВЕНСАНОВИЧ 1991 жылы Киев қаласында дүниегекелген. Әкесі Шығыс Африкадағы Руанда Республикасының тумасы. Анасы СветланаБЕЛЕНЮК. Ұлты украин.  Жанның әкесі  әскери ұшқыш болған. Киевтегі оқуы аяқталғансоң туған жері Руандаға кетіп қалады. Болашақ чемпион 11 жаста болғанда Венсаназаматтық соғыста қайтыс болады. Жан Беленюк биыл саяси аренаға да шықты. ОлУкраинаның президенті Владимир ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ «Слуга народа» партиясының мүшесі.Жоғарғы Раданың депутаты болып сайланды.

Фото:prosportua.com

Тегтер: