Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:55, 10 Шілде 2018

Украинаның жауынгерлеріне көмектескен хорватиялық футболшы

Хорватия ұлттық құрамасының қорғаушысы Домогой ВИДАНЫҢ «Жасасын Украина» деген тағы да видеосы жарияланды.
Бұл туралы Жас Алаш lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Шілде айының 8-і күні Әлем чемпионатының ¼ финалында Ресейді жеңген соң хорват футболшысының «Жасасын Украина» деген видеосы ғаламторға тарап кеткен еді. Артынша спортшы бұл жерде ешқандай да саясат жоқ деп мәлімдеген.Бұл жолы Домогой Вида өз ана тілінде «Жасасын Украина» деп ұран тастаған. Оның қасында бапкерлер штабының мүшесі Ивица ОЛИЧ отырған.Айтпақшы, Украинаға ниеттес хорват футболшысы тек Домогой Вида ғана емес. Киевтің «Арсенал» клубында өнер көрсеткен хорватиялық Ивица ПРИЧ қайрымдылық жобалары арқылы Шығыс Украинадағы майданға қатысқан сарбаздар мен балаларға жәрдем көрсеткен. Үш жылдың ішінде 2 мыңға жуық жаралы жауынгерлерді Хорватияға жөнелтіп, ем-домдарын алуға қаржылай көмектескен.«Үнемі сұхбат кезінде маған бір сұрақты қоя береді. Сіз неге украиндықтарға жәрдемдесесіз деген. Соғысты көрмеген адамдар мені түсінбейді. Хорватияда соғыс басталғанда мен 12 жасар бала едім. Сондықтан да мен Донецк пен Луганскідегі балаларды түсінемін. Олар қолдауға зәру. Хорватияда біз балаларға арналған футболдан турнир ұйымдастырдық және қалаларды аралаттық. Европадағы өмірді көрсін деп. Ертең Украина Еуро Одаққа кіргенде оларда осындай өмірге жетеді.  Соғыс адамды мықты етеді. Қазір Украина халқының рухы көтерілді. Тек  адамдардың қаза болуы өкінішті...», — деген еді хорваттың ардагер футболшысы gazeta.ua тілшісіне берген сұхбатында.  Сондай-ақ, футболшы Хорватияның астанасы Загреб қаласында Тарас ШЕВЧЕНКОНЫҢ ескерткішін қоюға да қол ұшын берген еді.Фото: gazeta.ua
Тегтер: