Ұлан Рысқұл: Ислам Әбішев қорқып қалыпты деген күлкілі
– Ұлан, тергеу қамауындағы ИсламӘбішев пен Серік Түкиевтің адвокаттары Абзал Құспан және Ерлан Макеновтіңпрезидент Қ.
Тоқаевқа жазған ашықхатынақатысты сұрақты бірден төтесінен қойғым келіп тұр. Бірақ, қазақ күресі меноның айналасындағы әлемді жақсы білетінмаман ретінде мына нәрсені – бізде неге екі халықаралық күрес федерациясы бардегенді алдымен түсіндіріп берсеңіз?
– Спорт әлемінің ішкі тәртібінен бейхабар жұрт осы мәселені көп сұрайды. ИсламӘбішев президенті боп, Серік Түкиев басшылық қызметін атқарған федерацияныөздері «Дүниежүзілік қазақ күресі» федерациясы деп сипаттап, таныстырып жүр. Ал, шындығынакелгенде, заң жүзінде, құжат бетінде бұл ұйым дүниежүзілік емес, аймақтықфедерация ғана. Астанада тіркелген. Тек Астана аймағында қызмет етуге құқылы. Аймақтықбола тұра, өздерін әлемдік дейді. Екіншіден, бұл федерацияны оншақты жеке тұлғақұрған. Мәке, Жәке, Сәке, Бәке деген секілді адамдар. Егер оның мәртебесірасымен де дүниежүзілік болса, оның құрамына өзге мемлекеттердің заңдымәртебесі бар ұлттық құрамалары енген болар еді.
– Дегенмен, 2004 жылы құрылған Дүниежүзілік қазақкүресі федерациясын 2010 жылы Бүкіләлемдік күрес ұйымы мүшелікке (UWW)қабылдады деп жүр ғой.
– Өздерін ғаламшарлықпыз деп жарияласа,оларға өзге планетаның тұрғындары ұшып келе салмайды. Бұл да сол сияқты.Иә, олар «UWW құрамындамыз» деп жүр. Осы ұйымнан кезінде біз де түсіндірмесұрағанбыз. Өтінішімізді тексеріп, зерттеп көрген UWW жұмыс тобы бізге жазған хатында бұл федерацияның қызметізаңсыз деп түсіндірген. UWW менаймақтық «дүниежүзілік» федерация арасындағы байланыс кейін қалай болғанынбілмеймін, білуге қатты қызықпадық. UWW біздің мақсатымыз емес. Жалпы, каратэнемесе тайквандо да қаптаған бүкіләлемдік ұйымдары бар ғой. UWW –ға бізде сондай көп ұйымныңбірі деп қараймыз. Біздің өзжолымыз, мақсатымыз бар.
– Ал, өзіңіз қызмет атқаратын халықаралыққазақ күресі федерациясында (бас хатшының кеңесшісі) өзге елдердің құрамалар бар ма?
– Әлбетте. Бүгінде легитимді яғни, заңды мәртебесі мойындалған бір ғана халықаралыққазақ күрес федерациясы бар. Бұл федерацияға 28 мемлекеттің ұлттық құрмасы және2 континентальды құрама мүшелікке өткен. Олардың бәрі өз мемлекеттерінде заңдылықтұлға ретінде тіркелген. 2017 жылы құрылды.
– Сондағы мақсаттарыңыз не еді?
– Түпкі мақсат – қазақ күресін дамыту, Олимпиада ойындары қатарына қосу.Ал, екі үш жыл бұрын тиісті яғни, спорт министрлігінің алдында бірталай мәселетұрды. Атап айтсақ, ел ішінде өтіп жатқан қазақ күресі жарыстарының деңгейі мен ұйымдастырылуына көңілітолмады, төреші былықтарын тоқтату, үшіншіден, күресті кешенді дамытудыңзаңдылық алаңын айқындау қажет болды.
– Екі ұйымның заңдылық мәртебесіндегіайырмашылық түсінікті болғандай. Ал қазақ күресінің ережесі бір емес пе...
– Соны дамытудағы жолымыз бөлек боп тұр ғой. Мысалы, олардың жарыс өткізу,ұйымдастыру ережесі аяқталмаған ой,айтылмай қалған сөз сияқты. Бас жағын біреу, ортасын екінші, соңын үшінші адамжаза салғандай әсер қалдырады.
Біздің мақсат – Олимпиада ойынына қосылу. Ол үшін не істеу керек? Олимпиадакеңесіне телефон соғып, өтініш жасағаннан олар бізді қатарына қоса салмайды.Жалғыз амал – мойындату. Қайтіп? Қазақ күресін әлемнің әр түкпірінде көрерменмен жанкүйерін оңай жинайтын, тартымды һәм жұртқа қызықты күреске айналдырукерек. Қазақ күресі – қазақ халқының ұлттық мұрасы деп мақтана беру, шынынайтқанда, өз жерімізде ғана өтімді шығар. Басқа жерде «болса қайтеді» деп қоясалады. Халықаралық дәрежеде қазақ күресі бір халықтың мұрасы ма, мұрасы емеспе, тіпті, қызықтырмайды. Оларға қазақша күрес жалпы күрестің бір түрі ғана.
Яғни, қызықтыру, насихаттау, көрермен көзайымы болу, жалпы жұртқа ұнау міндет.Сонда Олимпиадаға қосылудың алғашқы баспалдағына жол ашылады. Сол баспалдақтыңалдында тікелей эфирге шығу мәселесі тұр. Мәселен, Олимпиада кеңесі спорттық шаралардытікелей эфирден тарататын телеканалдарға «мына жарысты көрсет» деп бұйыраалмайды. Телеканал өз рейтингісі, өз ұстанымы, көрермен қалауы және жарнамаберушінің қабағына қарап барып, қай спорт түрін эфирге шығармағын өзі шешеді.Міне, Олимпиадаға жетер жолда осындай біршама кезең мен кедергілер бар. Олардыеңсеруге қажыр қайратымыз жетеді. Құрылғалы бергі екі жылда тұрақты жәнемерзімді өтетін жарыс кестелерін реттедік. Бұрын балуандар жылына бір рет кездейсоқ тойларда күресіп қойып, басқа кездесенделіп бос жүретін. Қазір кесте бекіді, жыл сайын қанша жарыс, қашан, қай елдеөтері айқындалды. Ұлттық құрамалар жоспармен жұмыс істеуге кірісті. Жыл сайын Азия чемпионаты, Еуропа чемпионаты өтіпкеледі. Одан бөлек «Әлем барысы» бар. Былтыр шетелдегі Ұлттық чемпионаттардың 10 жарысынөткіздік. Бұған қоса, ұйымдастыру семинарлары, төрешілерге арналған жиындарөтіп жатыр.
– Бастапқы әңгімеге оралсақ, сіздердітергеушілер шақырмады ма?
– Тергеушілер, не үшін?
–Ислам Әбішев пен Серік Түкиевтіңісіне қатысты.
– Оларға біздің қатысымыз қанша?
– Адвокат Абзал Құспан Ислам Әбішевпен Серік Түкиевке қатысты қылмыстық істің қозғалуына екі федерация арасындағытартыс себеп деп жатыр ғой.
– Ее, тергеуші шақырса ойланбастанбарар едім. Бізге не кінә, не қисын тағатыны қызық. Бетімізге тіке қарай аларма еді, сонысын байқасам деймін.
– Екі федерация арасында қандай дабір тартыс болған ба еді?
– Тартыс емес, кездесу болды. Халықаралық федерацияны құрар кезде біздіңжігіттер қазақша күрестің болашағы үшін Серік Түкиевпен кездесіп, бірігіп, ортақмақсатта күш қосып, жұмыс істеуді ұсынған. Ол кісі болса, бірігіп қызмет етугеқомақты ақша сұрапты, одан кейін бір жыл басқаруға шарт қойған, сосын, федерацияның құрметті төрағасы дегендей орындыеңбек ақысымен қалаған. Бар әңгіме осы. Біз одан кейін өз жолымызбен кеттік. Оларөздерімен өздері қалды.
– Онда неге олардың адвокаттарысіздерді қаралап жатыр?
– Оны өздерінен сұраған жөн шығар. Жеке басым олардың сөздерінен еш қисынтаппадым. Оларға ауыр-ауыр қылмыстық айып тағылып жатыр. Ертең сот кезіндемасқара болулары мүмкін. Содан алдын ала ақталудың әрекеттері шығар. Өкінішкеорай, біреуді көпшілік алдында ақтау үшін айдаладағы жазықсыздарды негізсізайыптау таза абыройсыздық қой.
– Қанат Бозымбаевтың Ислам Әбішевтіқорқытуы мүмкін бе?
– Біріншіден, Ислам Әбішев жас бала емес, ел алдында жүрген айтулы азамат. Талайқызметті көрген. Қанат Бозымбаевтан қорқып қалатын жайы жоқ. Сондай азаматтықорқып қалыпты деу де күлкілі. Екіншіден, сондай жағдай болса, кезінде құқыққорғаушыларға неге шағымданбаған деген сұрақ шығады? Сосын, Қанат Бозымбаевтыңқазақ күресі федерациясынан өзге жұмысы шаш етектен.
– Айтпақшы, Қанат Бозымбаев федерациятөрағалығына қайдан келді? Біреу тағайындады ма?
– Халықаралық қазақша күресфедерация президенті бас хатшылығы мен вице-президенті секілді сайланатынлауазым. Тағайындалмайды.Федерация жарғысынасай әр елдегі мүшелер конгреске шақырылып, кеңес сайлайды.
– Таңдау неге Қанат Бозымбаевқатүсті?
– 2017 жылғы конгресс жиынындаұсынды. Ол кісі осы федерацияға келмей тұрып, Жамбыл, Павлодар облыстарындаәкім кезінде қазақ күресіне үлкен қолдау көрсетіп, «Еуразия Барысын», «Әлембарысын» жоғары дәрежеде өткізуге жәрдемдесті ғой. Сондай жанашырлығын ескеріп,президенттікке ұсынса керек.
– Ішкі қызметтеріңізге араласа ма,мәселен, қаржылық дегендей?
–Жарғы бойынша президенттің құзырышектеулі. Ішкі шаруаларға, ұйымдастыру, өткізу шараларына араласа алмайды.Жарыс кестесін бекітуге қол қояды. Былай айтқанда, құрметті қызмет қой.
– Айтпақшы, Серік Түкиев басшылықжасаған федерация жарыстарын көбіне шет елде өткізіп келіпті, ал сіз оларды дүниежүзілікұйым емес дейсіз.
– Енді оны мен ойдан шығарып тұрғам жоқ қой. Қазақстанда олар жарыстарөткізгісі келген. Бірақ, аймақтық ұйым ретінде тіркелгендіктен республикакөлемінде жарыс өткізе алмады. Астана шеңберінде қалып қалды. Ал шетелде өткізгенжарыстарына келсек, оның өзі көп сұрақ.
Шетелде жеке ұйым кез-келген залды жалға алып, туристерді жинап алып, жарысөткізгендей боп, оған дүниежүзілік жарыс деп айдар таға берсеңіз, ешкім ештеңедемейді. Егер халықаралық дәрежеге лайықты жарыс өткізе, спорт телеарналарынеге тікелей эфирден көрсетпеді? Естуімше, қаржы полициясы Серік Түкиевтеншетелде өткізген жарыстарының демеушісіне, ақшасына қатысты түсініктеме сұрапотырғандай.
– Алдағы күндері Ислам Әбішев пенСерік Түкиевтің істері сотта қаралмақ. Сот отырысына барасыз ба?
– Не үшін?
– Қазақ күресінің жанашырларынқолдау үшін.
– Қазақ күресі – ұлттық мұрамыздың аяулы аты осындай даудың ортасындаайтылуы ішімді удай ашытады. Дегенмен, Ислам Әбішев пен Серік Түкиевке жеке бас араздығымыз жоқ.Жамандық тілемейміз. Олар сот алдында өздерін ақтап алады деп сенеміз.Адвокаттары да бүйректен сирақ шығармай, елді қырық өтіріктерімен адастырмай,екі азаматты абыроймен қорғар деп үміттенеміз.
Бірақ, тағы да қайталап айтқым келетіні, жеке бас ісін, жеке басқа қатыстықылмыстық, парақорлық, сыбайластық істі ұлттық спортпен араластырмаса дейміз.
Осы тақырыпқа қатысты мақала: Арман Шораев:
«АдвокатҚұспанды жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тарта аламын»