Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:51

Ұлытау облысында прокурорлар шенеуніктердің құмар ойындарға қатысқанын анықтады

шенеунік
Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысында жемқорлыққа қатысты дау туындады. Прокурорлар ондаған мемлекеттік қызметкердің тыйымға қарамастан құмар ойындарға қатысқанын әшкереледі.

Антикоррупциялық заңнаманың сақталуын талдау барысында 36 шенеуніктің мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға ресми тыйым енгізілгеннен кейін де Olimpbet және 1XBET букмекерлік кеңселерінде бәс тіккені анықталған.

Заңбұзушылықтың ауқымы айтарлықтай: олардың қатарында түрлі ведомстволардың 10 басшысы бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тікелей тыйым салады. Бұл қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін әлсіретіп қана қоймай, елеулі жемқорлық тәуекелдерін туғызады», - деп мәлімдеді Ұлытау облысының прокуратурасы.

Тексеру нәтижесі бойынша прокурорлық акт қаралып, ойынқұмарлыққа жол берген 36 қызметкердің барлығы атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Қадағалау органы мемлекеттік қызметте әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.