Ұлытау облысында төрт баланың анасы қатыгездікпен өлтірілген
Қайғылы оқиға Ұлытау облысының Жәйрем кентінде болды.
"Криминальный Казахстан" мәліметінше, шабуыл құрбаны – төрт баланың анасы. Жақындарының айтуынша, әйел отбасын өзі асырап келген: дүкені болған, пәтер жалға беріп, балаларын тәрбиелеген. Балаларының арасында мүгедектігі бар қызы да бар.
Туыстарының сөзінше, оның 33 жастағы бірге тұратын ер адам жұмыс істемеген, ішімдікке әуес болған және жиі агрессия танытқан. Олардың айтуынша, бұл қарым-қатынаста ұзақ уақыт бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған.
Қайғылы жағдайдың алдында әйел ер адаммен айырылуға шешім қабылдаған, алайда уақытша өз пәтерінде тұруына рұқсат берген.
Оқиға күні әйел дүкенде болған. Шамамен сағат 13:55-те сол жерге бірге тұрған ер адам келіп, оған пышақпен шабуыл жасаған. Жақындарының айтуынша, әйелге 20-ға жуық пышақ жарақаты салынған.
Шабуылдан кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсамақ болған, алайда тірі қалған. Қазір ол Жезқазған қаласындағы ауруханада жатыр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 5-бөлігі («Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Марқұмның туыстары істің әділ тергелуін талап етіп, балаларға қамқорлық рәсімдеуді жоспарлап отыр.