11:30, 18 Ақпан 2025
Ұлытаудағы қаза тапқан кеншілердің тізімі жарияланды

Ұлытау өңіріндегі "Жомарт" кенішінде қаза тапқан кеншілердің тізімі белгілі болды.
"Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішіндегі шахта опырылып, кеншілер қаза тапты.
Қаза болған кеншілердің тізімі:
- Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған (50 жаста), насос машинисі;
- Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы1998 жылы туған (27 жаста), жерасты тау-кен мастері;
- Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған (50 жаста), жерасты кеншісі;
- Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған (34 жаста), тиеу-жеткізу машинасының машинисі;
- Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған (47 жаста), бұрғылаушының көмекшісі;
- Нурулдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған (46 жаста), жерасты учаскесінің энергетигі;
- Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған (33 жаста), жерасты тау-кен және туннельдік техниканың электр монтажшысы.
Айта кетейік, 17 ақпан күні кешке Ұлытау өңіріндегі "Жомарт" кенішінде 7 шахташы топырақ опырылып, астында қалып қойғаны туралы хабар тарады.
"Оқиға салдарынан 7 жұмысшы үйінді астында қалды. Кабельдің үзілуіне байланысты қазіргі уақытта жұмысшылармен байланыс жоқ", - делінген бұған дейін баспасөз хабарламасында.
18 ақпанға қараған түні құтқарушылар тобы іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде "Қазақмыс" корпорациясының алты қызметкерінің денесін тапты.
Таңертең кейіннен тағы бір кеншінің денесі табылды.