01:53, 07 Қыркүйек 2018
Ұлттар Лигасын жеңіліспен бастадық
Астанада УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы матчы аяқталды. Өз алаңында Грузия футболшыларын қабылдаған Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіліп қалды.
Бұл туралы Жас Алаш тілшісі хабарлайды.Болгарлық маман Станимир СТОЙЛОВ Эрич, Малый, Постников, Шомко (капитан), Бейсебеков, Қуат, Мужиков, Жуков, Исламхан, Щеткин, Муртазаев сынды футболшыларды алаңға алып шықты.Ойынның 68 минутында Гиорги ЧАКВЕТАДЗЕ есеп ашып өз командасын алға шығарды. Артынша Сергей МАЛЫЙ автоголмен көзге түсті. Қазақстандық бапкер Бауыржан ТҰРЫСБЕК пен Еркебұлан СЕЙДАХМЕТТІ шығарғанымен есеп 0-2 болып қалды.Ұлттар Лигасы турнирі Европалық ұлттық құрамалары арасында өтеді. Оған 55 командасы қатысады. 2014 жылы УЕФА бұл жаңа футбол додасын өткізу туралы шешімді қабылдаған еді. 2018 жылы алғаш бастау алған турнирдің бірінші ойыны Қазақстанда өтті. Матч Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілді.Фото: vesti.kz