Ұлттық банк басшысы АЭС құрылысына бюджеттен қаржы бөлінетінін жоққа шығармайды
АЭС құрылысын салуда инвестордың өзі ақша әкеліп, құрылысты толығымен қаржыландыратын жағдайды болдырмау жоспарланып отыр. Бұл туралы Zakon.kz мәлімдеді.
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, әзірге үкімет Ұлттық қордан немесе басқа да бюджет қаражатынан қаржы пайдалану туралы ұсыныспен Ұлттық банкке жүгінбеген.
«Менің ойымша, консорциуммен, кез келген адаммен келіссөздер кезінде бізде қандай да бір артықшылықтар болуы керек. Егер біз өзіміз технологияны, кадрларды немесе қаржыны қамтамасыз етпесек, онда біздің келіссөздер деңгейі төмен болады. Сондықтан, шынымды айтсам, біраз ақшаны өзіміз қаржыландырамыз дегенді жоққа шығармас едім», – деді Ұлттық банк басшысы.
Яғни, оның айтуынша, инвестордың өзі ақша әкеліп, толығымен қаржыландыратын жағдай болмауы керек.
«Мен Қазақстан қаржыландырудың бір бөлігін немесе бюджеттің бір бөлігінен қаржы бөлінетінін жоққа шығармас едім, бұл біздің келіссөздердегі ұстанымдарымыз. Бірақ тағы да, егер үкімет қаржыландыруды құрылымдау мәселесіне бізді тартса, біз талқылаймыз. Олар әлі ұсынған жоқ, маған әлі ерте сияқты», - деп түйіндеді Сүлейменов.