Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:52, 23 Қараша 2020

«Ұлттық жобалар» жастардың бастамаларын қолдайды

None
None

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар бастамаларын қолдау үшін 18-29 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ұлттық жобалар» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – жастардың бастамаларын қолдау, әлеуметтік, білім, экологиялық, стартап жобалар және инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобаларын жүзеге асыру.

Байқау аясында талантты жастар керемет жобаларын ұсынды. Қорытындысында 5 жеңімпаз анықталып, олар жобаларын жүзеге асыру үшін 500 000 (бес жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болды.

Байқау жеңімпаздары Бенсейтов Динар — «Жылыжай жасау технологиясын»;

Ниязбек Даулет — «EASY» ақылды мектебі;

Тоқташ Толғанай — «Global coffee»-стиліндегі элиталы талқанхана;

Төленбаева Мөлдір — Дамуында тежелуі бар балаларға арналған әдістемелер жасау; Құрбан Азиза — Жеуге жарамды ыдыстарымен ерекшеленеді.

Байқау барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Тегтер: