Ұлытау облысының мәслихат хатшысы сайланды
Бүгін облыстың орталығы-Жезқазған қаласында облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті.
Жауапкершілігі зор лауазымға көпшілік дауыспен «Аmanat» партиясынан сайланған депутат Бауыржан Шыңғысов сайланды. Ұйымдастыру сессиясын облыстық мәслихаттың депутаты Бекзат Алтынбеков төрағалық етті. Бірінші сесияның жұмысына он бір депутат қатысты. Халық қалаулылары таңдалған лауазым иесінің жаңа аймақтың жұмысын жандандыруға зор үлес қосатынына сенім білдіріп отыр. Ресми тағайындаудан кейін, Бауыржан Қабденұлы әріптестерімен сессия жұмысын жалғастырып, күн тәртібіндегі тұрақты комиссиялар құрамын бекіту, мәслихат аппараттарын құру сияқты ұйымдастыру мәселелерін талқыға салды.
Айта кеткен жөн, Бауыржан Шыңғысов аталған өңірдің атқарушы билік органында ұзақ жыл қызмет еткен. Бұрын Сәтбаев және Жезқазған қалаларының әкімі болған.