Үмітбек Бағдат. 205 автобус

Мен онымен он жылдан кейін кездесіп тұрмын.
Ақиқаты бұл кездесудің болмағаны жақсы еді.
Өкініші меніңарманымдағы кездесу болмады. Тәтті қиялым желге ұшты. Қара жер төңкеріліпастына түскендей. Мендік жан алқынысты бір сөзбен жеткізу қиын.
Дел-сал болып салданғандай күй кешіп келем. Алматыныңқоңыр кешін қара мұңға бөлеп қанша жүргенімді білмеймін. Ой билеп келеді. Санаойдың жетегінде.
— Көктем-1 шағын ауданына қай автобус барады, — дегендауыстан селк ете қалдым. Дауыс ер адамның дауысындай күркіреп естілді.Алғашында ер адам шығар деп ойладым. Басымды көтеріп тесіле қарап өз ойымнанөзім ұялып қалдым. Ер адам деп ойлағаным жиырма жас шамасындағы қыз балаекен. Дөңгелек қара көзі ақшыл жүзінің ажарын келтіріп тұрғандай. Күлімсірейқарайды. Күлімсіреген сайын екі бетінен шұңқыр пайда болып сұлуландыра түседі.Енді кірпіктеріне көзім түсе беріп еді, тағы бір дауыс ойымды бөліп жіберді.
— 205 автобус барады, қарағым. Әне, келіп қалды, — дедіорта жастағы қараторы келіншек.
Жаңағы қыз «рахмет» деді де бірден автобусқа мінді.Бірдеңе деуге оқталып тұрғанымның кеш болғанын түсіндім. Шапшаң қимылдапавтобустың артқы есігінен ішке кірдім. Күндегі әдетімше сол қанатта қарама-қарсыорналасқан орындықтың біріне жайғастым. Бүгін күндегідей қаранөпір адам жоқ. Аттөбеліндей ғана көрінді. Күндегі әдетімше адамдарды көзбен шолып шықтым. Ең артқыорындықта қайыршы отыр. Ол үнемі кешке қарай Жетісу базары аялдамасынанОрбита-2,4 ықшам ауданы аялдамасы бағытында отыратын. Азанда Орбита-2,4 ықшам ауданыаялдамасынан Жетісу базары аялдамасы бағытына отырып бара жататын. Үш жылданбері қарай көріп жүрмін. Бір сөзбен айтқанда таныс болып та қалдық. Оның дәлқай аялдамадан шығып, қай аялдамаға баратыны мен үшін беймәлім. Менің білетінімоның қайыршы екені. Шындығында ол қайыршы. Ит жылғы қараша айында болған мынабір оқиға есімде. «ОҢАЙ» тексеруші мен қайыршы арасындағы қақтығыс. Екеуара кикілжің. Даудың ұшы төлем ақыдан шыққан. Тексеруші қыз бала-тұғын.Қайыршыны көрген жерден «түсіп қал» деп шаңқ ете түсті. Даусының ащылығысонша құлаққа түрпідей тиген. Қайыршы түспеймін деп, қыз түсесің депкескілескен тартыс болған. Көкбеттеніп, көгеріп-сазарып алған жұмысының адалқұлы қайыршының иығынан жұлқылап сілікпесін шығарған. Арпалыстың қызып тұрғансәтінде қызыл жепірдің сыртынан киген «ОҢАЙ» тексеруші киімінің кеуде тұсындағыесім қайыршы көзіне жылы ұшыраған. Шарқая қыздың дегені болып Наурызбай батыркөшесі аялдамасынан итеріп түсіріп кеткен. Түсті деген аты болмаса жер сүзеқұлаған. Құлап бара жатып көзінен бір тамшы жас ыршып кеткен. Сол жас әлі көзалдымда. Қайыршыны көрген сайын сол жастың сырын білгім келетін. Ал, қайыршыны итеріп құлатқан тексеруші қыз міз бақпастан жұмысын жалғастыраберген. Бірақ көз жанарынан қайыршыға деген өшпенділіктен гөрі шексіз жанашырлықтыңізі көрініп тұрды. Тексере жүріп «ақшаларың болса автобусқа мініңдер.Қалталарыңда көк тиындарың жоқ болса мініп адамның уақытын ұрламаңдар. Құрбекерден ерігіп жүрген жоқпыз. Бізде жанбағыс үшін екі аяқтан тозып жүрміз» депбәрімізге ескерту жасай кеткен. Тексеруші қыз ортаңғы қатарға барғанда бір ана өзініңақылын айтқан. Алпыс жас төңірегіндегі ақ жаулықты ана сабырлы сөз бастаған.Қыз қылығына ашулы болсада жылы-жылы сөйлеген. «Айналайын, қызым! Сендеәп-әдемі қазақтың қызы екенсің. Сеніңде ата-анаң бар шығар. Қыз бала дегенибалы, өнегелі, көргенді болуы керек. Қанша деседе әйел затысың.Қайыршы дегенмен ол ер адам. Әуелі әкеңдей кісі. Жағасынан алып жармаспай қоясалсаң дұрыс болар еді» дей келіп тоқтаған. Тыныстап алып сөз ауанын басқа бірарнаға бұрмақшы болған ана сөзін қыз бөліп жіберген. «Бұл көсемситін орын емес.Тәрбие бермекші болсаңыз үйіңізге барып беріңіз. Айтар ақылыңызды өз қыздарыңызғаайтыңыз» деп тік мінез көрсеткен. Тексеру жұмысын бітірген де, жирен қызылшашын шошаң еткізіп Телецентр аялдамасынан түсіп қала берген.
Сөз тізгінін ақ жаулықты ананың қасында отырған тілі менжағына сүйеніп қалған келіншек алған. Көкшіл көзін жыпық-жыпық еткізіп,бидайдың сабағындай ұзын жасанды кірпіктерін қағып-қағып жіберіп сөйлейжөнелген. «Замана желі кері соққан ғасыр ғой бұл. Қазіргі жастар бұзылыпкеткен. Бұзылғаны соншалық үлкенді-үлкен, кішіні-кіші демейді. Тіпті адамқұрлы көрмейді. Осы «ОҢАЙ» тексерушілердің көбі жастар. Қашанда өзеурепкермек пиғыл танытады. Ана жолы осы автобуста екі тексеруші жас жігіт бірқарияны сабап тастауға аз қалды. Бұл мың оқиғаның бірі ғана. Жиырма жылдан беріталайына куә болып келемін. Енді бір қырынан алып қарағанда қайыршының өзікінәлі. Оған кім қайыршы болсын депті. Жынды судың соңына түсіп осы күйгеұшыраған шығар. Ақшасы жоқ болса несін автобусқа мінеді. Баратын жеріне жаяужетіп алса болды ғой. Кейде осы жолаушылар да оңып тұрған жоқ. Кейбірі ақшатөлегісі келмейді. Тегін жүрсем аспаннан май шелпек жауса екен дейді. Өздеріншесайтан қулық жасайды. Қулықтары әшкере болып жатса төбелес шығарады. Биыл жаздасондайлардың кесірінен автобус жүргізушісі мүгедек болып қалды. Бірнеше тентектерақша төлегісі келмеген. Жүргізуші ақша төлеуді талап еткен. Арадағы дау соңытөбелеске ұласқан. Әлгі желөкпе тентектер жүргізушіні тепкінің астынаалған. Тепкінің қаттылығы сонша жүргізушінің миына қан құйылып сал болыпқалған. Үйдің жалғыз асыраушысы екен. Үйінде шиеттей бес бала, ақыл-есі кем,жүйке ауыруына шалдыққан әйлелі бар көрінеді. Бір шаңырақ ортаға түсті дегеносы ғой» деп біраз жаңалықтың шетін қайырған. Кімді жақтап, кімді даттапотырғанын өзі де білмейтін сыңай танытқан.
Ит жылғы оқиға тізбегі осылай өрбіп, лентадай көзалдымнан өтіп жатты. Ойымды жинап алып автобус ішін тағы бір шолып шықтым.Жанарлар айтқан сырды оқи алатын әдетіме көштім. Қос жанарлар сөйлейжөнелді. Қилы-қилы сыр бүккен қарашықтар жаутаңдайды. Сол қарашықтарнебір жәутік тағдырдың куәсіндей. Жазымыштың озымыш дейтін қыл арқаны байланғантағдырлар иесі сол қарашықтардай көрінді.
Мосқал қыз жанары айтқан сыр.
Мана жол сұраған қыз өзіне тартып алды. Жанарына қадалақарап сілейіп біраз тұрдым. Жүзі шаршаңқы әбден қалжыраған сияқты. Тек жымиыпқояды. Тағдыры жылатып-жылатып, кейін келе амалсыз болса да жымиюғаүйреткендей. Қос жанарынан қорқыныштың ізі көрінеді. Маңындағы адамдарға біртүрлі үреймен қорқа қарайтынға ұқсайды. Автобус ішінде түрегеліп тұрған. Солқанатында отырған қарт кісінің қасындағы орындық бос болатын. Бос орынға отырдегендей ишарат жасаған қарт кісі. Ишарат жасала сасып қалған. Екі бетіқып-қызыл болып ду ете түскен. Дөңгелек қара көзінің астымен маңын сүзе қарапшығып, мен отырған артқа қарай ығысқан. Келесі аялдамадан түсуге дайындалыпесікке ұмтылған жас жігіттің қолы қыздың аш беліне байқаусызда тиіп кеткен. Оқыстиген қолдан шошып қалған қыз қатты айғайлап жіберді. Зәресі зәр түбінежеткендей. Қос қарашығы шарасынан шығып кетердей қорқа қарады. Қобалжып қалғанжүрегі алабұлттанып тұманды күй кешкен. Жарық күнде өлердей қорқып бозарыпкеткен қыз қылығы көп назарын өзіне аударған. Абал-жабал қозғалысқа түскенжаңалық құмар жанарлар құс жолындай түзу сызық бойына қадала қалған. Не болыпқалды, енді не болады екен дейтін ой барлық жанардың байланған қазығы секілді.Әлде бір бойшаң сары шашты жігіт телефон камерасына түсіріп әлек. Шамасыәлеуметтік желінің белсенді қолданушысы секілді. Әлеуметтік желі де құлагерболудан дәмелі көрінеді. Мақсат біреу-ақ. Видеоны әлеуметтік желігіжүктейді. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей желіқолданушылар лүпілді (лайк) жаңбырша жаудырады-ай келіп. Сан-саққажүгіртіп әлек болады. Жік-жік болып пікір жазады. Пікір қақ айырылып көкпардайтартылады. Оқиға жанарлар күткендей шытырман түс алып шиленіспеді. Аялдамадакілт тоқтаған автобустай өз ритіміне оралды.
Қас қағым сәттен кейін қыз ештеңе болмағандай меніңқасымда отырды. Қызға ештеңе болған жоқ. Жүзі күлімсіреп тұр. Дүрс-дүрсқаттырақ соғып жатқан жүрегі ғана қорқынышын баса алған жоқ. Жүрегіжаратылысынан қорқақ емес еді. Бала кезінде ештеңеден қорқу дегенді білмейтін.Тыныштық орнаған өлі түнді жападан-жалғыз кезіп жүре беретін. Әке-шешесіжұмыстан кеш қайтып қалса да үйде жалғыз отыра беретін. Қойшы, әйтеубір батылболатын. Ештеңеден қайтпайтын. Өмірінде қорқу туралы ойлап та көрмеген. Оныңөмірін 13 жасындағы мына бір оқиға өзгертті. Өмірінің астаң-кестеңін шығарыптағдырына қара бұлт төндірген оқиғадан кейін өліп қалуды да ойлаған. Жанындайжақсы көретін қос қормалын қыймаған. Үйдің жалғыз тұяғы. Анасы қайтып құрсақкөтермеген. Өзінен кейін бауыры, болмаса сіңілісі болғанын қатты қалаған.Өкініші ол қалауы жөргегінде тұншыққан. Медициналық сараптама анасының ендіқайтып құрсақ көтере алмайтынын айтқан. Кейде өзінің жалғыз болғанынатөбесі көкке жеткендей қуанатын. Ес білгеннен бері Алматыныңбұрыш-бұрышын түгендеп қаншама квартираның есігін тоздырды. Анасы шай үстіндекүбір бастаса болды, ертесі басқа бір квартираға көшіп бара жататын. Сегізжасында әке-шешесінің әңгімесінен ұққаны Түркістан жақтан көшіп келгелі 5 жылболды деп отырған. Туған жерінің Түркістан екені. Кейіндеп кітаптан Түркістанжайлы оқығаны болмаса барып көрген емес. Ол барамын деп талпынбаған. Әке-шешесітуған жеріңе апарып келеміз дегендей ләм-мим деп жақ ашпаған. Енді бір жағынанкүні бойы тыным жоқ. Апталап, жылдап жұмыс жасайды. Апатасына дем алатыны кейдебір күн. Кей кездері олда жоқ. Әке-шешесі қаладағы белгілі бір құс фабрикасындажұмыс жасайды. Екі адам дегені болмаса жалақысы жүз мың теңгеден аз ғанаасатын. Бірінші айдың айлығы екінші айына жетпейтін. Кейде тағдыртәлейінің бұлтты аспанына кейігені болмаса, құба-құп шүкіршілік ететін. Көштенқалмай өлместің күнін кешіп жүрген тағдырға мойын ұсынып өмір керуенін жалғайберетін. Жылдар жылыстап өтседе жүрісінен танбаған айналмалы өмір ағын судайаға беретін. Ұстараның жүзіндей аударылған дүние десе дегендей еді. Әйтеубірқоңырқалта өмір сүріп жатса да өзін бақытты сезінетін. Балалық шағықұрбыларынан артық болмаса кем болмаған. Көңілі қалаған дүниенің барлығына қолыжететін. Қос қормалы аспандағы айды алып беруге де пейіл-тұғын. Өміріналасапыранға айналдырған тағдыр бұрқасыны он үшінші көктемінде соқты. Тағдырдеп кінәні екінші жаққа аударған ғана болмаса, қасақана қолдан жасалған. Екіаяқты есті адам жасаған. Адам деген аты ғана. Заты хайуаннан төмендеу еді.Айдың соңғы сенбісі болатын. Сол күні әке-шешесі жұмыстан кеш қайтқан. Өздері Қалқаман-2ықшам ауданы жақта квартирада тұрып жатқан. Үйде сабақ қарап отырған. Аяқ дыбысыестіліп есік қағылған. Бірден есік ашып қарап еді квартира қожайыныныңбаласы екен. Алдында бірнеше рет қара түсті «Land Cruiser» көлігімен келіп квартираныңақшасын алған. Әке-шешесінің жұмыстан кеш келетінін айтып шығарып салған.Қайтып сабағына кірісе берген. Кенет есіктен жаңағы жігіттің баса көктеп үйге кіріпкеле жатқанын көзі шалған. Алғашында түсінбей аңтарылып тұрып қалған. Шапшаңқимылдаған алпамсадай жігіт бас салған. Айғайлауға да шамасы келмеген бейшарақыз құймырлықтың құрбаны болған. Нәпсінің құлқынына құлдық ұрған жігіт көкіреккөзін шел басып адами болмысын ластаған. Өзінің желіккен сезіміне ерік беріп періштеғұмырдың өмірін ойрандаған. Сам жамырай жұмыстан қайтқан әке-шешесі қанжосаболып жатқан қаршадай қыздың үстінен түскен. Полицияға мәлімдеп қылмыстыныкөрсетіп берген. Артынша қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық ісқозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Әке-шешесі шыр-пыр болыпқанша жүгірсе де іс соңы жылы жабылған. Квартира қожайыны кәсібі дөңгелептұрған беделді бай болып шыққан. Күштінің көті диірмен тартқан заман болып ақшасөйлеген.
Жылға жуық писхиологиялық көмек көрсетілген соң ақырындапқалпына келе бастаған. Қызының недәуір жақсарып қалғаны әке-шешеге үміт сыйлап өміроты қайта маздап жанған. Өздерінің жұмыс орынына жақын жерден квартира алыпмықтап орналасқан. Арада аттай зулап үш жыл өте шыққан. Бұл жылдаржүректегі тоң болып қатып қалған шерді жібіте бастаған. Зілмауырқасіреттің ізін суытып, қайғының орынын қуанышқа жеңдірген. Деседе адамбаласына деген кек көңіл түкпіріне терең тамыр тартқан. Аспанын қара бұлторлап, жанарды жасқа шылаған қарғыс атқыр сол күн алыстап кете барған. Бұлшаттық та көп ұзамай сормен аяқталды. Асығып жеткен он алтыншы көктемі тағыаяққа тапталды. Тағдыры тәйке түсіп қайтадан сүріндірді. Қаланы қыдырып қайтыпкеле жатқан. Тапа-тал түсте ешнәрседен қауіптенбеген қыз бұрылыстан тап бергензіңгіттей жігітті аңғармай да қалған. Жан ұшыра айғайға баспақ болған. Бірақсалған жерден үні булығып дауысы шықпай қалған. Өзі қармаулы болса керек арамойын көп әуреленбей іске асырған. Осы маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілердіңбіреуі қызды талықсып жатқан жерінен көріп полицияға мәлімдеген.Қылмыскер полицияның жедел іздеуімен көп ұзамай қолға түскен. Тағы сол қылмыстықкодекстің «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейін тергеужұмыстары жүргізілген. Кейіндеп сот отырысы болған. Осы жолғы қылмыскер бұрында7 жасар қыз зорлады деген айыппен соттылығы бар педофил болып шықты. Ұзаққасозылған сот отырысы, сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жылға басбостандығынан айырды. Соңғы оқиғадан кейін тағы бес жыл өтті. Ол барлығынжеңген. Тозақты ұжымаққа барар жол деп қарайды. Өткеннен қалған белгі еркеккөрсе қорқады. Дауысы ер адамның даусы секілді күркіреп шығады. Бірақ ол үшінөмір сүруді тоқтатқан емес. Ағынға қарсы жүзіп барады. Бүгінгі таңда зорлық-зомбылықтыңқұрбаны болған қыздардың құқығын қорғайтын ұйым құрған. Ендігі өмірі осы жолүшін күрес. Өлгісі келмеуінің тағы бір сыры осы.
Қызға мүсіркей қарадым. Қарауын қарап алсам да, ойымнантез айныдым. Алғашында қате көрген екенмін. Қыздың жанарында қорқынышемес от ойнайды. Жүрегі кесір қоғамының ессіз қылығынан жаралы. Жүрегіжылап тұрды. Жас емес қан ағып тұрғандай. Сол аққан қанымен кір ғаламның біртүйір дағын болса да тазартпақ.
Көктем-1 шағын ауданы аялдамасынан түсіп қалды. Автобустерезесінен қыздың маң басып бара жатқан өр сұлбасын ұзатып салдым. Сұлбабірте-бірте алыстап құм қоғамның ішіне сіңіп кетті...
Ана жанары айтқан сыр.
Менің алдымдағы орындықта қарт ана отыр. Жетісу базары аялдамасынанотырған. Ауыр күрсінді. Ана емес қара жер күрсінгендей. Көзінен үлкен тағдырдыңізі менмұндалайды. Жүрегімен қосылып самайындағы ақ шаштары жылап тұр. О, тобашашта жылайды екен деп ойладым. Көзінен тырс-тырс тамып жатты. Тамған жас қанғаайнала бастады. Тағдыры күбір-күбір ұзақ сөйледі. Бес баласынан опалы болғаныжалғыз тұяқ. Үлкен ұлы мектепте мұғалім. Шаңырақтың жүгін арқалап асырапотырғаны да осы үлкені. Екінші ұлымемлекеттік мекемелердің бірінде білдей орынбасар болатын. Қай бір жылы мекеме басшысы бастап бірнешеқызметкер жемқорлықпен темір торға тоғытылған. Айран ішкен құтылып, шелекжалаған тұтылыптың кебін киіп бар кінәнісол арқалаған. Табаны күректей он жылға сотталып кете барған. Биыл екінші жыл.Үшінші ұлы жеке кәсіпкер болатын. Бірінші әйелі екеуінің ұзақ жылғы төккентерінің арқасында кәсібі шалқыған. Түк бітіп жалы өскен соң асыл жарын ұл тумадыңдеп үйінен қуып шыққан. Маңдайының соры бес елі сорлы әйел қызын алып төркіні жаққа кеткен. Ертеңгі күні-ақ өзінен көпжас кіші сылқым бикешті қолға қондырған. Екі ұл тауып беріп үлде мен бүлдегеоранған екінші жары екі жүзділеу болатын. Аяқ асты казиноға құмартып құрдымғакеткен. Сонша жыл төккен тері ағын судай жоқ болған. Қалақтап жыйған бақ,шелектеп төгілген. Айрандай ұйып отырғаншаңырақты оп-оңай ортаға түсірген де өзге біреудің етегінен ұстаған. Өзі ішіпкеткен. Осы қаланың қай бұрышын кезіп кеткені белгісіз ізім-ғайым жоқболған. Төртінші ұлы мектеп қабырғасында жүргенде қайтысболған. Алланың ажалынан емес адамның қолынан. Жастар арасында кикілжің болып,соңы төбелеске ұласқан. Төбелесте пышақ жарақатынан мәңгі өмірге сапар шеккен.Кенжесі қыз болатын. Алматыдағы аузын айға білеп тұрған жоғарғы оқу орындарыныңбірін «Бухгалтер» мамандығы бойыншабітіріп шыққан. Оның өзін грантпен емес, ақылы негізде оқыған. Баржиған-тергенін салып, несиеге жығылып жүріп дипломын алып берген. Мамандықбойынша жұмыс табылмай үш-төрт ай жұмыссыз жүрген. Кейіндеп кафеде официантболып тіршіліктің қамын жасаған. Көп ұзамай мамандық бойынша жұмыс табылдыдеген. Үш жылдан бері жұмысын тұрақты істеп жүр. Бірақ соңғы мезгілдері үйгекелуі сиреген. Анасының амандығын біліп қайтуға да уақыт таба алмай жүр-мыс.Өсек желдей есіп тұр. Өсектің жалын атқан тілі мен мың бояулы мазмұны жақсыайтпайды. Анасына қызы жайлы алыпқашпа сөздер өтірік секілді сезілетін. Анажүрегі қызын жамандық дейтін обаға қимайтын. Қызының сөзінен білетіні үлкен компаниялардыңбірінде бухгалтер.
Өмірінде аттап баспайтын Барахолка базарына бүгін жолытүскен. Қай жел айдап барғаны белгісіз аяқ асты сонда барған. Ұсақ-түйекбірдеңелер көріп базарды аралай жөнелген. Әлем-жәлем дүниелердің қызығы жеңіпат шаптырым уақыт жүрген. Енді қайтуға оқталып кері айналған. Қарама-қарсытұрған үлкен бутик өзіне тартқан. Ішке кірмек болып ұмтыла барып тоқтаған.Алғашында қате көрген шығармын деп ойлады. Айна қатесіз өз қызы. Бутиктің төржағында еркектің алдында отыр. Ана еркек аймалап өмешегі үзіліп барады. Қолдарыжоғары-төмен еркін қозғалады. Әр саусақтарының өзі қыздың әр мүшесіне үстемдікорнатқандай. Көптің көзін шел басқан санайды. Болмаса сол көптің көзінетүкіргені бар.
Салған жерден үстіне кіріп бармақ болған. Бірақ ойынанайнып ашуды ақылға жеңдірген. Қызы жайында әңгіменің шетін шығарып жүргентуысқан сіңілісі бар болатын. Не болсада анық-қанығын сұрап білмекке Жетісубазарына тартқан. Жетісу базары аялдамасынан автобусқа отырып келе жатқан бетіосы. Ендігі бағыт үйі.
Жетісу базарында дүкен ашатын сіңілісі қызы туралы баршындықтың бетін ашқан. Қызы өзі айтқандай мамандық бойынша компанияда жұмысжасамаған. Екі жылдан бері бірнеше дүкені бар шетелдікке көңілдес болып алған.Ол шетелдік әкесіндей адам. Бірнеше баласы мен әйелі бар. Көзін жұма қарапақшалының дегенін істеген. Ұятын ақшаға айырбастап жан бағып жүргенболып шықты. Ол қылығы үшін қымсынбайды да ұялмайды.
Тас түйін бір бекімге келіп болған. Енді қайтып сүткенжесін көрмекші емес. Қалашық аялдамасынан түсіп қалды. Ананың жүрегімен қосылып самайындағыақ шаштары жылап бара жатты.
Қайыршы жанары айтқан сыр.
Қайыршы бүгін бір түрлі. Өз-өзіне ұқсамайтындай.Күндегіден басқаша. Басын жерден алмай отыр. Көзінен тағы бір тамшы жас құлады.Бір тамшы жастың қасіреті мен қайғысы түпсіз терең тұңғиықта жатқандай.Өмірінің ерте қураған гүл көктемі еміс-еміс есіне түскендей. «ОҢАЙ»тексерушілер кірген сайын соларға жалтақ-жалтақ қарайды. Тәлейіне тексерушініңешқайсысы мазаламады. Арасынан жирен қызыл шашты қызды іздеп әлек. Өзінжетесіне жеткізе қорлаған жанды ұлы сүйінішпен іздеп отырған тәрізді… Аялдамағаавтобус тоқтаған сайын басын сәл көтеріп Қалашық аялдамасынан түсіп қалғананаға ұрлана қарағанын көзім шалды. Бірнеше рет көзінің астымен қайта-қайта жәудірейқарады. Қараған сайын май басқан ұзын қара шашы жауып тұрған бетін көз жасыжуып кетті.
Менің жанарым айтқан сыр.
Анығымен Əсемайға шынайы ғашық болатынмын. Қайталап айтамын оны өлердей сүйетінедім. Толған айдай толықсыған нағыз қараторының өзі болатын. Біз оны еркелетіп «Құлаңшаш»дейтін едік. Көмірдей қара шаштары тобығына түсіп қашанда күлімсіреп жүретін.Найза кірпіктері қағылғанда сызылып бір ғажап музика шертіп тұрғандай сезілетінеді. Оймақтай қос жанары толған айдай мөлдіреп төгіліп тұрушы еді. АуылдаКерімова Әсемайдан ибалы, одан өнегелі қыз жоқ болатын. Ауыл үлкендері «кішкенеболса да түбі біздің қоғамның Зересі — Құлаңшаш болады» деп айтып жүретін.
Менонымен он жылдан кейін кездесіп тұрмын.
— Ақша әкелдің бе? — деді наздана бұралып, оймақтай көзін жыпылық-жыпылық еткізіп.
— Қанша? — деп сасқалақтай жауап бердім сөзімді діріл басып.
— 1миллион теңге, — деді бетіме тіке қарап.
— Арамызда ондай келісім жоқ, — дедім қызарақтап.
— Жағдайың келсе 300 мың теңге болсада жетіп жатыр, — деді күлімсіреп.
— Мені қате түсіндің. Ақшам жоқ. Сені іздеп келген себебім, — дей беріп едім сөзсоңын тоспай кие сөйледі.
— Әй, қайдам сендердей байғұстарда қайдан ондай көп ақша болсын. Бұттарыңақолдарың әзер жетіп жүргенде, — деді зілді кекесінмен.
— Әсемай танымадың ба? Мен… Мен ауылда… — дей бергенімше сөзімді тағы бөліпжіберді.
— Клиенттеріммен алдын ала келісім жасайтынмын. Ақшаның көлеміне қарай қызметкөрсетем, — деп тоқтады да шылымын тұтатып алып, сөзін жалғай түсті.
— Еркектер мені Алматыдағы ең қымбат жезөкше дейді. Анау көше бойлап жүретінжелетектерден асып тұрған ештеңем жоқ. Оларда ақшаға қызмет көрсетеді, мендеақшаға көрсетем. Ұқсамайтын жеріміз қызмет ақы да. Ол ақымақтар бес-он мыңтеңгеге қызмет көрсетеді… Мен болсам үш жүз мыңтеңгеден жоғары ақы алам. Бұл бір-ақ рет кездесудің құны. Қалталылар қыз іздегенде бағасына қарай іздейді. Қымбатболған сайын сұраныс көбейген үстіне көбейе береді. Болмаса арзан ақылысылқымдардың менен сұлулары ит басына төгіледі. Қарапайым қағида. Қулық — жезөкешеге тән ақша табудың қайнар көзі. Кейде бай ағашкалар кездесе қалсақұдайдың бергені. Көңілін тауып, тамырын бассаң болғаны ақшаға көмеді декетеді. Ертесі Алматының ең қымбат сауда орталықтарын кезесің де көңіл қалағандүниеге қарық боласың. Тұрмыс қасіретінің тұманы басымнан сейілгені қашан?Айтпақшы нөмерімді «ҚЫЗДАР НЕТ» сайтынынан алған боларсың. Сайттағы Құлаңшашдеген атым үшін жалған намыстың отына күйген еркек сымақтар көп. Кейде қоңыраушалып жеті атамды жездей қағады. Шыныдай шытынап соларға не жоқ деймін? Ана біржолы талағы тарыс айырылған жасы үлкен кісі хабарласыпты. «Жаным кейігендіктенхабарласып отырмын» деп бұрқ-сарқ есті сөз айтқан. Теріме сыймай мінез көрсеттім. Жасы үлкендеген аты болмаса көбік өкпе біреу секілді. Жат қылық көрсетіп тегін төсектесболуға өмешегі үзілген. Сенде сол көптің бірі шығарсың. Бірі болғанда әккі бопалған қусың түлкідей жан ұқсайсың. Ақшаға келіспей жатып қу тіліңмен қулықсауғандай құрығыңа түсірдің. Түріңе қарамай жүректі екенсің. Қалталығаұқсамайсың. Бірақ сайттағы ең қымбат жезөкшені ат басындай қалағаның менітаңғалдырады, — дей келіп тоқтады. Көбең тартқан көлгір ойдың билеуіменсәл кідірді де, кенет есіне бірдеңе түскендей болды. Оймақтай күлім көзін аударып-төңкеріп,ажарын қашырып тұрған мың батпан бояулы жүзін тура маған бұрды.
— Менің Әсемай деген атымды шақырғандай болдың. Біз бұрынтаныс па едік? – деді де желке шұңқырынан сәл асатын шолақ қан қызыл шашынартқа сілкіп қалды.
Енді сөйлей беріп едім арғы бөлмеден шыққан дауыс сөзімдібасып кетті.
— Кездесу «Royal Palace» қонақ үйінде болатын болды.Алдыңғы жолғы үлкен шортан. Қайдағы бір қайыршымен несін күбірлесіп тұрсың. Олда ақшасыз ездің бірі шығар...
Сүт пісірім уақыттан кейін Алматының қоңыр кешін қарамұңға бөлеп Төле би көшесіне қарай тартып бара жаттым.
* * *
Орбита-1 ықшам ауданыаялдамасында тұрмын. Жанарлармен сөйлесіп отырып түспекші болған Ботаникалықбақ аялдамасынан өтіп кетіппін. Орбита-2,4 ықшам ауданы аялдамасынан Жетісубазары аялдамасы бағытына автобус күтуіме тура келді. Жаңа ғана өзім түскен 205автобус. Көзді ашып жұмғанша келіп те қалады.
Кенет ұялы телефоным шыр-шыретіп, безектей жөнелді. Тұтқаны көтергім келмесе де нарау қалтама қол салдым.Қоңырау шалып жатқан әкем екен.
— Алло, алло әкетай, тыңдап тұрмын.
— Балам қалайсың? Біраз күннен бері хабарсыз кеттің. Алаңдапқалыңды біліп қояйын деп. Біз хабарласпасақ жаман әке-шешеңді ауылымен қосыпұмытып кететінге ұқсайсың.
— Жоға, сіздерді қалай ұмытпақпын. Қаланың қым-қуытқарбалас тіршілігінен уақыт болмай. Өз денсаулығыңыз қандай, шешем қалай?
— Денсаулық керемет. Шешең шықпа жаным шықпа деп жүраман-есен. Ет бауыры Қасенді көп сағынады. Алматыға қоныс аударған он сегізжылдан бері ат-ізін салмаған. Телефонда бірнеше рет сөйлескен болыпты.Келіншегі екеуі де қалада құс фабрикасында жұмыс жасайды ғой деймін. Жалғызқызы бар еді. Сол қарғашым бірер кесірге жолыққан секілді, — деп дауысы үзіліпбарып қайта шықты.
— Алматы да тұратын менің әпкем, сенің апайың Жәмилә баремес пе? Үйіне барып таныс болып араласып тұр деп едім. Уақыт жоқ деп туыстанжұмысты артық қойып сен жүрсің. Сол апайың да тағдырдың уын ішіп жүр.Тапсыратын шаруа сол екі отбасығаамандаса барып ақ сәлем жеткіз, — деп қадап айтты. Тағы бірдеңе айтпақ болыпеді тұтқа үзіліп қалды.
Телефон қайтадан безектей жөнелді, даусы үзіліп-үзіліпбарып, шыр-шыр етеді.
— Алло, тыңдап тұрмын, әке.
— Е, балам-ай, тұтқа өздігінен үзіліп қалды. Ертең біздіңкөрші Жамал апа
Алматыға жолға шықпақ. Құлаңшашышақырған көрінеді. Айналайын сол қыз бәрінен озды. Кішкене кезінен елпек,елгезек-тұғын. Тіпәй-тіпәй көз тимесін. Шетелдік компаниялардың бірінде жұмысістейтін көрінеді. Шешең тәтті-дәмдісін өзіңе салды. Көрші апаңды күтіпалып, Құлаңшашпен дұрыстап танысып ала ғой. Ертең шарапаты тиіп жүрер. Шетелдіккомпанияның бір бұрышынан сағанда бір орын тауып берер. Айды аспанға шығарып сенде АҚШ-қа ұшып баражатарсың...
Тұтқаны тастай салдым. Оқылған жанарлар тағдыры көзалдыма қайтып оралды. Көзім қарауытып басым зеңіп бара жатты. Денем табыттайауырлап барады. Табанымнан қадалып тамыр-тамырларымды аралап мұздай суық инемиыма жүгіріп бара жатқандай. Жүректі өрт шалып, көзді ашып жұмғанша ауыр дертжайлап алғандай. Санам салданып ессіз мақұлыққа айналып бара жаттым. Былғанышқатолы сайқал ғаламнан жүрегім айнып жиіркене қарадым. 205 автобустың аялдамаға тоқтапжатқаны бұлдырап көзіме шалынды. Ит сілікпесі шыққан құл қоғамныңбет-бейнесі тағдырына өздері кінәлі адамдардан көрініп тұрғандай. Кінәлітағдырлар автобустың алдыңғы, ортаңғы, артқы есігінен алма-кезек түсіп,шығып жатты...