Universal Service-DDK ешқандай заң бұзушылыққа барған жоқ
«Жас АЛАШ» сайтына 2019жылдың 18-қараша күні Назарбаевтапсырған трансформация мен Қазатомпромдағы дауатты мақала шыққан еді. АвторыБақытжан ӘБДІРАШ редакциямызға шағымын айта келген оқырмандарымызға мінберберген-ді.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясына қарасты мекемелердегімәселелер сөз болған еді. Ол мақаланы жоғарыда гиперсілтемеге өтіп оқуларыңызғаболады. Ғалымжан ПІРМАТОВ басқаратын Ұлттық компания жеке бір кәсіпкергетиесілі емен. Мемлекет үшін аса маңызды кәсіпорын. Сондықтан да ондағы әрбірмәселе біздің басылым назарында бола бермек.
Аталған мақала жариялағанан кейін «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ-ның Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментіредакцтямызға хабарласқан болатын. Тілшіміз көтерген мәселеге қатысты жауапты жарияладық. Қазатомпром:Тексерулер нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған жоқатты материалды әліде сайтымызда оқырман назарында тұр.
Енді «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына мердігер «Universal Service-DDK»ЖШС директоры С. А. Асқанбеков мырзадан да үшбу хат жетті. «Жас АЛАШ» қашандапікір алуандығы мен қос тарапқа да өз мінберін ұсынады. Сондықтан даредакциямызға келген екінші хатты қысқартусыз жариялауды жөн деп тапты.
Жас Алаш сайтының Бас редакторы Қанат Тілеуханға
2019 жылғы 18қарашада «ЖасАЛАШ»интернет-ресурсында автор Бауыржан Әбдіраштың «Назарбаевтапсырған трансформация мен Қазатомпромдағы дау»атты мақаласыжарияланды, онда «Universal Service-DDK» ЖШС-не және маған, оның басшысы С.А.Асқанбековке қатысты ішінара дәйексіз мәліметтер көрсетілген.
Мақалада: «АлғабекОрманқұловтың айтуынша, бесінші разрядтыслесарь-жөндеуші болып істеп жүрген оны21 қазанда директор Серік АСҚАНБЕКОВ жұмыстан босатып жіберген. Арызданушы «бұлтікелей «Орталық» ЖШС-інің бас директоры Жұмағали МАРКЕНБАЕВТЫҢ тапсырмасыбойынша жүргізілген болуы мүмкін» дейді.
-Менің төрт балам бар, келіншегім жұмысістемейді. Себебі бір қызым мүгедек, соған қарайды. Осы жағдайдың бәрін білетұра С. Асқанбеков мені жұмыстан шығарып отыр. Оның басты себебі Тоқаевқашындықты айтып, бейнеүндеу жолдау деп есептеймін. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттықкомпаниясының төрағасы Пірматовтан бастап «Орталық» ЖШС-інің бұрынғы директорыА. Өмірбеков, қазіргі бас директор Ж. Маркенбаев, бас инженер Е. Батталов, «Беймарал»ЖШС-інің директоры М. Нұрсейтов, «Universal Service-DDK» ЖШС-інің бас директорыС. Асқанбеков бәрі бір-бірімен байланысқан, ым-жымы бір, — дейді А.Орманқұлов.»
«Тоқаевқа бейнеүндеу жолдағаныүшін қуғын-сүргінге ұшырап, заңсыз жұмыстан шығып қалған жұмысшылардың біріТалған СЫЗДЫҚОВ Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Оның редакцияға жазыпберген арызына қарағанда, Серік Асқанбеков оны да 21 қазанда вахталық жұмысқакелген кезде ештеңені түсіндірместен жұмыстан шығарып жіберген» депкөрсетілген.
Өз кезегінде, «UniversalService-DDK» ЖШС жөндеуші-слесарьлар А.К. Орманқұловпен және Т. Сыздықовпенжасалған еңбек шарттарын шын мәнінде бұзғанын, алайда мақалада көрсетілгенсебептер бойынша емес, соңғы аталғандардың Еңбек шартының 8.1 – тармағын «UniversalService-DDK» ЖШС директоры бекіткен жөндеу жөніндегі слесардың(слесарь-жөндеушінің) Лауазымды нұсқаулығының 1.7 және 2.1 – тармақтарынбұзуына байланысты еңбек шарттары бұзылғаны туралы сіздің назарыңызғажеткіземіз.
Сонымен қатар, Ж.Маркенбаев мырза «Universal Service-DDK» ЖШС қызметкерлерінің еш бірін жұмыстанбосату туралы нұсқау бере алмайды, себебі ол құрылтайшылар немесе аталған серіктестіктің басқару органының құрамындажоқ.
Сондай-ақ, «UniversalService-DDK» ЖШС-нің К. Нұржановқа тиесілігі туралы мақалада көрсетілгенмәліметтер жалған болып табылады. Мұны «Universal Service-DDK» ЖШС-ніңқұрылтайшысы кім болып табылатыны туралы ақпарат түрлі интернет-ресурстардаашық, қолжетімді болғандықтан тексеруге болады.
Баяндалғанды ескереотырып, автор Бақытжан Әбдіраштың «Назарбаевтапсырған срансформация мен Қазатомпромдағы дау»атты мақаласындакөрсетілген және «Жас Алаш» интернет-ресурсында орналастырылған, «UniversalService-DDK» ЖШС-не қатысты жоғарыда көрсетілген жалған мәліметтерді теріскешығаруды жариялауды талап етемін.
«Universal Service-DDK» ЖШС директоры С. А. Асқанбеков
Фото: kazatomprom.kz