ҰҚК антикор төрағасының бұрынғы орынбасарын ұстады
Сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, — деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
«9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті соталды тергеу шеңберінде жемқорлық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері Марат Қожабаевты ұстады. Жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды», — делінген хабарламада.
Мақсат Қожабаев 2021 жылы шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары болып тағайындалған болатын. Ал оған дейін Қожабаев Шымкент прокуроры қызметін атқарған.
Сондай-ақ, ол әр жылдары Шымкент, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары прокуратураларында прокурор болып жұмыс істеді. 2012-2014 жылдары Қызылорда облысында қаржы полициясының бастығы болды, 2014-2016 жылдары Жамбыл облысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментін басқарды. Кейін Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментті басқарды. 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.