ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаев бостандыққа шықты
Ұлттық қауіпсіздіккомитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев мерзімінен бұрын шартты түрдебосатылды.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметімәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
НартайДүтбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім 18 маусымда күшінеенген.
"Қылмыстықзаңнаманы ізгілендіру бойынша енгізілген түзетулерді ескере отырып, биыл 11қаңтарда Қылмыстық кодекске де түзетулер енгізілді. Соған сәйкес, жазасынорташа режимдегі колонияда өтеп жатқан адамдар қамауда болған уақытын түрмедеөткізгендей есептеуге құқылы. Адам тергеуде болғанда, қамауда болған бір күнітүрмеде өткізген бір жарым күнмен тең деп есептеледі. Осыны ескере отырып,сәуірде Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдана отырып, ол өтініш берді", — деді Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен жұмыс бойыншакоординатор Елдос Жұмақсанов.
Оныңайтуынша, Жарма ауданының соты 6-бапты қолданып, ҰҚК экс-басшысының мерзімінөзгерткен.
"Ісжүзінде ол жазасының жартысынан көбін өтеген. Сондықтан ол жазасының жартысынанкөбін өтегендіктен мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы екінші ретөтініш берді. Сот осы қайта есептеуді, сондай-ақ, оның 64 жасқа толғанынескеріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатты. Ол кеше күшіне енді, Дүтбаевкеше босатылды", — деді Елдос Жұмақсанов.
Еске салайық, НартайДүтбаев 2017 жылдың қыркүйегінде сотталған болатын. ҰҚК-нің бұрынғы басшысымемлекеттік құпияны жария еткені, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлідеп танылған. Ол жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылған, сондай-ақ,оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынған.
Кейін Нартай Дүтбаевқажаңа іс бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Осығанбайланысты, 2018 жылдың ақпанында оның жазасы 12 жылға ұзартылған. ҰҚК-ніңбұрынғы басшысы билігін асыра пайдаланып, сеніп тапсырылған мүлікті иемденіпнемесе ысырап еткені үшін, сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесемүлікті заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылған.
2019 жылы 22 қаңтардаҚазақстан Жоғары сотының кассациялық инстанциясында өткен отырыста НартайДүтбаевтың бас бостандығынан айыру мерзімі 12 жылдан 11 жылға дейін қысқартылған болатын.