Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:21, 18 Тамыз 2020

Ұрпақты мәңгүрт етуден қашан тыйыламыз?

                                                                                                    

«Кеңестікбілім – әлемдегі  ең озық білім жүйесі.

Біздіңодан сабақ алуымыз керек. КСРО ғарыштық жарыста мектеп партасында отырғаннан-ақжеңіске жетті».

                                                                     Джон КЕННЕДИ,

                                                1961-63 жж. АҚШ президенті

                             Кеңестік білімніңкемеңгерлігі

Кеңес кезеңінің шекпеніненшыққан біз де оқушы болдық. Оқудан қиналмадық, үлкендердің көмегіне жүгінбедік.Үй тапсырмаларын айналдырған бір сағаттың ішінде, кейде одан шамалы  уақытта еңсеріп тастап, арқамызды кеңге салатынығатын едік. Қазір ше? Баланың білім алуға, ізденуге ынтасы жоқ, мектепкеата-анадан именгеннен барады. «Сабағыңды оқы»  десең,  әрнәрсені сылтауратып, безектейтін болды. Бақсақ, бар гәп сапасыз оқулықта екен. Сорақысысол – кітапта қате көп. Оғаш олқылықтарды ұлымыз онлайн арқылы білім алғансәтте  аңғардық. Мәселен, жаратылыстанупәндеріндегі  кейбір тапсырмалардыңшешімі дұрыс нұсқамен сәйкес келмейді, құрылымында логикалық байланыс жоқ. Тығырыққатірелген кезде мұғалімнің көмегіне жүгіндік. Оқытушы тігісін жатқызып жеткізгенімен,түпкі мағынасы түсініксіз болып қала береді. Ұстаз өз саласындағы олқылықтардыайтуға  именеді. Бірақ мұның зардабынперзенттеріміз көріп жүр. Осындай машақатқа  шырмалып жүрген  байғұс балаларымыз  мәңгүрттің күйін кешетін болды. Налисың да қоясың.«Тас түскен жеріне ауыр». Онлайн оқу болмағанда бұл сорақылықты сезбейдіекенбіз. Сала басшылары өз ұпайының түгел болуын емес, ел ертеңіне шынайы жаныашыса, Шәкәрім ғұлама айтқандай, әр нәрсеге ақылдың көзімен қарайтын шақ туды.

–      Кеңесдәуірінің  оқулықтарындағы  білім  өміршең еді. Ғылыми қауқары зор Жапония мендамудың  көшінде  тұрған Англияның дарынды балаларға арналған  мектептері біз оқыған оқулықтарды  ағылшын тілінеаударып, оқу бағдарламаларына енгізген. Сонда, біздің ұтып отырғанымыз не? Меніңқолымда сол оқулықтардың түгелі  сақтаулы. Физикадан Ньютонның заңын оқыдыңдар.Оны оқушыларға  дене массасының үдеуіәсер ететін күштерді  көрнекі құралдарменкөрсеткен едік. Қазіргі мектептерде көрнекіліктер жоқ. Бұрынғы физика пәнісыныптық ерекшеліктерге сай, сатылап күрделенетін. Жаңа оқулық ұғынуға ауырформамен құрастырылған. Баланың түсінігіне қиын әрі мұғалімнің зейінінен алшақ.Мұның зардабы пән ұстаздарының білімсіздігіне әкеп соғып отыр, – дейді КСРОжәне Қазақстанның оқу ісінің үздік қызметкері Төлеген Арконов.

    Ағартусаласындағы ағаттықтарға кінәлі салалық министрлік екені басы ашық нәрсе.  Біздегі білім саласының құлдырау шегіне жетугешақ қалғаны жасырын емес. Бұл ойымызды Мұрат Ілиясов былайша  ұштайды: «Ньютон, Ом заңдарының ашылғанына400 жылға жуық уақыт өткенімен, еш өзгермей келеді. Жетпіс жыл сусындап,бүгінде  қолданыстан шығып қалғаноқулықтың  фундаменті әлдеқайда мықты.Кейінгі ұрпақ оқып жүрген физика жиі жаңартылады. Қайталап басудан келген пайдақайсы? Бірнеше мәрте өзгеріске ұшыраған жаңасын  әуелгі оқулықтың  негізінде мазмұнын сақтай отырып, жеңілоқылатындай түрлендіріп шығаруға болар еді».

Балаңыздыңқолындағы бүгінгі физиканың жағдайы осындай. Бар байлықтың қазынасын ғылымғатүйген химия пәні не күйде? Қырық жылға жуық осы пәннен  үзбей дәріс берген Орынай Ысқақованың өкпесі бір төбе.

–      Немерелерімніңболашағын ойлап уайымдаймын. Бұрын химия 7-сыныптан  басталатын еді, жаңа бағдарлама бойынша 7-сыныптаноқытыла бастады. Сондағы ұтқаны не дерсіз? Ұтылыс көп. Баланың өрісіне сай құрастырылмаған. Олай болмағанда ше? Оқулықтығылымға жақын мамандар жазған. Дұрысында, бұл іске  мектепте оқушымен тікелей жұмыс істеген  білікті ұстаздар  тартылуы керек. Бізде керісінше болып тұр.Оқулықты ашсаңыз, ұстаз бен шәкіртті  байланыстыратын құрал жоқ. Бала ұғымына сайемес, құрғақ сөз көп. Ең қиыны – химия пәні баланың жас ерекшелігіне сайқұрастырылмаған. Физика секілді химияның заңы да қасаң. Өзгерісті талапетпейді. Аңғарсаңыз, әр 3-4 жылда оқулық жаңартылып шығады. Шәкірттер тағыдүбәра күйге түседі.  Бұл тұрғыда текқаржыға қарық болатын баспаханалардың ұпайы түгел.

«Әдебиеттен» не әдеп табамыз?

Отыз жыл  ұстаздық қызметте жүрген, Октябрь ауданындағыорта мектептің бірінде  әдебиет пәніненсабақ беретін мұғалім бізге  пікірін ашықайтып, артынша аты-жөнін жасыруды өтінді. Сұхбаттасымыз қысымға ұшырайтынынанық аңғартпаса да, жеке басына қауіп төне ме деп алаңдайды. Себебі қазір білімсаласында ашықтық жоқ. Қисынсыз бұйрықтан бұйығы болып қалған ұстаз ұлттықрухтан алшақтаған қазақ әдебиетінің бүгінгі ахуалына алаңдайды.

–      Жоғарысыныптардың әдебиет пәнінде төл әдебиетіміздің көрнекті маржандары: АбайҚұнанбаев, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаевсекілді қаламгерлердің  бірегейшығармалары кеңінен қамтылмаған. Оқушылар олардың шығармаларын  қысқартылған нұсқада оқып шығады. Себебібағдарламада бір романды толық оқу міндеттелмеген. Оның орнына шетел әдебиетінкері кетірмейік деген сарында әлем қаламгерлері жайында ақпарат енген. Бізөнеге ететін Жапония, Корея, Қытай  ұландарының намысы жоғары, ұлттық рухы қаққан қазықтай мықты. Ең алдымен өрендерін өзжауhарларының туындыларымен сусындатады. Қазіргі  оқулықтардан өскелең ұрпақты елі мен жерінқорғауға дәріптейтін, Алпамыс пен  Қобыланды секілді қазақтың хас  батырларын  әспеттейтін өр өлеңдерді таппайсыз. Сайып келгенде,дүбәра әдебиет оқушының  кежегесін кейін тартуда.

Байыпсыз бағалау

2013 жылы  еліміздің білім саласына  оқушы білімін  сатылап бағалау үрдісі енгізілді. Бұлжаңартылған білім мазмұнымен қатар келген жаңашылдық болды. Баға – білімкөрсеткіші. Бұрынғыдай бес жүйелік бағалау жоқ. Сонда, бүгінгі оқушының білімінқалай бағалайды? Тың реформаға сәйкес, оқушының білімі бірнеше түрге жәнетармақтарға бөлініп, бағаланатын болды. Оның ерекшеліктерін айтып, түсіндірубір кітапқа жүк болған. Белгілі бір ғылым саласын меңгеруден кем емес. Бұлжаңашылдықтың қиындығы сол – отандық ұстаздардың барлығы  бағалау әдісіне арналған курста оқып шығады. Біздіңтүсінігіміздегі ең негізгі бағалау түрі мынадай: критериалды, формативті жәнесуммативті бағалау. Тармақталған  бағалаулардыңішіндегі формативті, яғни қалыптастырушы бағалаудың бала тәрбиесіне кереағарәсері барын бала жанының бағбандары ойлады ма? Мұғалім өткізілген  жаңа тақырыпты оқушылармен ауызша топқабөлініп  талқылайды. Сабақ соңында  балалар бірін-бірі  бағалайды. Ақырында ұстаз оқушыға қорытындыбаға қояды. Еске саларлығы, бағалаудың бұл түрі журналға түспейді. Формативтіңсыры мынадай: балаңызда жоғары көтерілген үлкен бармақтың суреті болса – 5,қиғаш бұрылған белгі тұса – 4, төмен түсірген ишаратты көрсеңіз – 3 дегенбағаға лайық деген шешім. Төмен баға алып қалған жеткіншектің жігерінмұқалтатын смайликтің әдебі неде? Байыпсыз шешімге барлап қараған бір жантаппадық.

Барлық пәле – бармақтан

     Ақылға салып бағамдасақ,әлемнің байырғы мемлекеттерінде жауыздық пен алауыздықтың алды  бас бармақты шошайтудан басталған. ЕжелгіРимнің гладиаторлары сыйымдылығы 50 мың адамдық «Колизей» амфитеатрына  жиналған жұрттың алдында қанды шайқасқашыққан. Ажалмен арпалысу сәтінде жеңген гладиатор жеңіліске ұшыраған құлдықтағысарбаздың тағдырын шешуді халықтан сұраған. Егер трибунадағы көпшілік басбармағын көтерсе «аман қалдыр», ал төмен түсірсе «өлтір» деген нұсқау берген. Тамырытереңге жайылған елдердің әдеп-ғұрыптарын  осылайша зерделейберсең, танымың кеңейе түседі. Білгеннің артығы жоқ. Сақтықта қорлық болмайдықашанда. Егер мына  мемлекеттерге сапарғашықсаңыз, жадыңызға түйіп алыңыз: Түркия мен Грецияда, Сауд Арабиясында үлкенбармақты шошайту қорлауды аңғартады. Ендеше, білім көкжиегіне қанатын қомдағанкелешектерімізді білместікке салып қорлатпайық.

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Қарағанды қаласы

Тегтер: