Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:33, 13 Наурыз 2021

Ұшақ апатынан зардап шеккендер туралы мәліметтер пайда болды

None
None

Алматы әкімдігі Алматы маңында әскери ұшақтың құлауынан зардап шеккендердің жағдайы мен жарақаттарының сипаты  туралы айтты.

Оларды құтқару үшін барлық күш жұмылдырылды, деп хабарлайды «Жас Алаш» қала басшылығына сілтеме жасап.

«Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 10 жедел жәрдем тобы сол жерде жұмыс жасады. 4 адам қайтыс болды, 2 адам жарақат алды: 1987 ж.т. сол жақ жамбас сүйектерінің ашық сынуы, мидың жабық травматикалық жарақаттары және 1996 ж.т. бас миының ашық жарақаты, саусақтары сынып, дене күйіктері 2,3 дәрежеде, Алматы қалалық клиникалық ауруханасының 4-ші реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары өте ауыр, дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуға барлық күш-жігерін салуда. Барлық кадрлар жұмылдырылды, соның ішінде қаланың бас реаниматологы да бар», — делінген әкімдік хабарламасында.

ГКБ 4 травматология бөлімінің бастығы Руслан Токушевтің айтуынша, бірінші зардап шегуші денесінің 50 пайызын күйдірген, екіншісінің — денесінің 30 пайызын күйік шалған.

Тегтер: